• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 6 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Отан қорғаушылар күніне орай әскери-патриоттық шара өтті

Әйтеке би кентідегі «Жалаңтөс Баһадүр» атындағы орталық стадионда 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай оқушылар арасында аудандық әскери-патриоттық шара өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

07.05.2026
in Құқық
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Отан үшін жан берген бабаларымыздың ерлік істерін жалғастырушы жас ұландардың патриоттық сезімін оятатын әскери шарада, алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұраны орындалды.

Мұнан соң аудан әкімі Алмасбек Есмаханов жиналған қауым мен жас сарбаздарды Отан қорғашылар күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізіп, айтулы мерекенің маңызына тоқталды.

Бүгінгі әскери-патриоттық шараның мәні мен маңызы ерекше. Өйткені бұл – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіретін, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыратын тағылымды іс-шара. Әскери шеру мен сайысқа қатысып отырған оқушылар – еліміздің ертеңі, Тәуелсіздіктің тірегі. Сіздер бүгін саптық дайындық, ептілік, тәртіп, ұйымшылдық пен батылдық арқылы өздеріңіздің намысты, жігерлі, елжанды азамат екендеріңізді көрсетіп отырсыздар. Патриотизм – тек сөзбен айтылатын ұғым емес. Ол – туған жерді құрметтеу, ел тарихын білу, мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, ата-ананы ардақтау, қоғамға адал қызмет ету. Отанға деген сүйіспеншілік – ең алдымен туған елге пайдалы азамат болудан басталады. Бүгінгі жастар – болашақ сарбаздар, ел қорғайтын азаматтар. Сіздердің білімді, тәртіпті, рухы биік болып өсулеріңіз – мемлекетіміз үшін аса маңызды. Бүгінгі жас ұрпақты елін сүюге, Отанын құрметтеуге тәрбиелейтін маңызды шараға қатысушы барлық жас сарбаздарға сәттілік тілеймін! Айбынды әскеріміздің абыройы асқақтай берсін, — деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Аудан басшысынан кейін ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай құттықтау сөз сөйлеп, жиынға қатысушылар мен жас сарбаздарды мерекемен құттықтады.

Мерекелік шара одан әрі жас ұландардың саптық шеруіне ұласты. Саптық байқауды ауданымыздағы мектептердің оқушыларынан жасақталған «Құрлық әскері», «Жас ұлан», «Әуе десанты», «Әскери теңіз күштері» сынды түрлі взводтардан құралған жас ұландар жалғастырды.

Саптық байқаудан кейін аудандық спорт мектебінің таэквондошылары қоян қолтық ұрысынан өнерлерін көрсетті. Бұдан бөлек әскери-патриоттық шарада жас ұландар «АК-74» оқу қаруын шашу секілді басқада әскери сайыс түрлері бойынша өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынасты.

Жас ұландарға әскери рух пен жігер берген шарада патриоттық әндер айтылып, жас өрендердің отаны мен туған жеріне деген сүйіспеншілігі арта түсті.

Алдыңғы мақала

Қазалыда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті

Келесі мақала

Сырдария: Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті

Оқи отырыңыз

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
Мәдениет

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Мәжілісте өңдеу өнеркәсібі мен “Ауыл аманаты” жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Өзекті жаңалықтар

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
Мәдениет

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

0

Кездесу барысында өскелең ұрпақ тәрбиесі, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдағы жауапкершілік қағидаларын нығайту...

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
  • «Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі