• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 9 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тағзым мен құрметке толы кездесу

Бүгін Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге 9 мамыр – Жеңіс күніне орай тыл ардагерлерінің шаңырағына және жауынгерлік міндетін орындау барысында қаза тапқан ерлердің отбасыларына арнайы барып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

09.05.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кездесу барысында аудан басшысы сұрапыл соғыс жылдарында «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!» деген ұранмен таңның атысынан күннің батысына дейін тынымсыз еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегіне алғыс білдіріп, оларды Жеңіс мерекесімен құттықтады.

— “Ұлы Жеңіс — майдан даласында қан кешкен батырларымыздың ғана емес, тылда табандылық танытып, бар қажыр-қайратын ел үшін арнаған еңбек адамдарының да жеңісі. Сіздердің ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз кейінгі ұрпаққа әрдайым өнеге,” — деді аудан әкімі.

Алғашқы кезекте аудан басшысы Ұлман Қойтанова анамыздың шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Ұлман ананың ұлы Қыдырбаев Мақсат Тұрарұлы 2017 жылы жауынгерлік міндетін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан. ҚР Президентінің 2017 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен Мақсат Тұрарұлына «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі табысталған.Аудан әкімі Ұлман анамызға сабыр мен амандық тілеп, ел үшін жанын қиған ерлердің есімі халық жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан басшысы Серік Әбдиев ағамыздың отбасына да арнайы барып, тағзым білдірді. Серік Әбдиев ағамыздың ұлы Ержан Әбдиев 1995 жылы Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қимылдар кезінде қаза болған. Ержан Әбдиевке ҚР Президентінің 1996 жылғы Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі табысталған.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында тыл ардагерлері 98 жастағы Ишанқұл Асанұлы, 90 жастағы Айтжан Алиева, 90 жастағы Мейрамбек Маханшаұлы және 85 жастағы Қали Дүйсенманұлының шаңырақтарына арнайы барып, құрмет көрсетілді.

Кездесу барысында аяулы аналарымыз бен ардақты әкелерімізге сый-сияпаттар табысталып, ізгі тілектер мен ақжарма лебіздер білдірілді.

Айта кетейік, Ұлы Жеңісті жақындатуда тыл еңбеккерлерінің үлесі орасан зор болды. Соғыс жылдары Қазақстан майданды азық-түлікпен, киім-кешекпен және қару-жарақпен қамтамасыз етуде өлшеусіз еңбек сіңірді. Тарихи деректерге сүйенсек, майданға атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалған.

Бүгінде аудан бойынша 135 тыл ардагері бар. Ел үшін еңбек еткен ардагерлердің өнегелі жолы мен батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Оқи отырыңыз

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
Қоғам

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұл қабақты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті
Спорт

Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұл қабақты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов  Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды
Қоғам

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу
Құқық

Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу

Ұрпақ пен ұлағат: Өнегелі өмірдің өшпес ізі

Ұрпақ жадындағы Ұлы Жеңіс

Ерлікке тағзым – елдікке тағылым

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

Өзекті жаңалықтар

Тағзым мен құрметке толы кездесу
Қоғам

Тағзым мен құрметке толы кездесу

0

Кездесу барысында аудан басшысы сұрапыл соғыс жылдарында «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!» деген ұранмен таңның атысынан...

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұл қабақты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұл қабақты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов  Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу

Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Тағзым мен құрметке толы кездесу
  • Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
  • Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұл қабақты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті
  • Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды
  • Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі