• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ұлы отан соғысының ардагері Камал Оспанұлының 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

Шиелі ауданында Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Камал Оспанұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа аманат» атты тағылымды еске алу кеші өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

10.05.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Тағылым мен тағзымға толы жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, құқық қорғау саласының өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым, қоғам белсенділері мен аудан тұрғындары қатысты. Кеш барысында елге адал қызмет еткен ардақты азаматтың өнегелі өмір жолы кеңінен насихатталып, оның Отан алдындағы ерен ерлігі мен бейбіт өмірдегі еңбегі ерекше құрметпен еске алынды.

Шара барысында сөз сөйлеген аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерлік пен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеу жөніндегі тағылымды пікіріне тоқталып, Камал Оспанұлының ғибратты ғұмыры бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тәрбие мектебі екенін атап өтті.

– Бүгінгі еске алу шарасы – бір ғана азаматтың өмір жолын дәріптеу емес. Бұл – ел басына күн туған шақтағы ерлік пен елдіктің, қайсарлық пен отансүйгіштіктің асыл мұрасын ұлықтайтын тағзым сәті. Камал Оспанұлының өнегелі ғұмыры – жастар үшін нағыз патриотизмнің жарқын үлгісі, – деді аудан басшысы.

Камал Оспанұлы 1926 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ол жастайынан еңбекқорлық пен әділдікті бойына сіңіріп өсіп, небәрі 16 жасында майдан даласына аттанған. Сталинград шайқасына қатысып, жауға қарсы ұрыстарда қайсарлық пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Сұрапыл соғыс кезінде ауыр жарақат алғанына қарамастан, рухы сынбай, елге оралған соң бейбіт өмірде де халыққа қалтқысыз қызмет етті.

Соғыстан кейін заң саласын таңдап, прокуратура органдарында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етті. Әділдік пен заңдылықтың сақталуына сүбелі үлес қосқан азамат әріптестері арасында үлкен беделге ие болды. Оның адал еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, КСРО Бас прокуроры Роман Руденко атынан арнайы алтын сағатпен марапатталған.

Сонымен қатар, ардагердің кеудесіндегі «Ұлы Отан соғысының I дәрежелі» ордені, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Будапешті алғаны үшін», «Венаны алғаны үшін» медальдары оның майдандағы өшпес ерлігінің айқын дәлелі ретінде аталды.

Тағылымды кеште Қызылорда облысы прокурорының міндетін атқарушы Исламбек Төлегенов, «Хусамуддин Әс-Сығанаки» қоғамдық қорының президенті Тұрсынхан Әлібеков және ардагердің отбасы атынан Назипа Оспанова сөз сөйлеп, Камал Оспанұлының азаматтық болмысы, елге сіңірген еңбегі мен адамгершілік қасиеттері жайында тебіреніспен естеліктер айтты.

Кеш барысында ардагер рухына тағзым жасалып, арнайы естелік қойылымдар мен патриоттық әндер орындалды. Жиын соңында қатысушылар Камал Оспанұлының ерлігі мен елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын, оның жарқын бейнесі ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын ерекше атап өтті.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Мейіргерлер күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды

Келесі мақала

Облыс әкімі құрылыс нысандарын аралады

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі