• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

Мәдениет ауылдық округі Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның бірлескен жұмысының нәтижесінде «Алкогольсіз ауыл» мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

13.05.2026
in Қоғам, Денсаулық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Рахатов, аудан прокуроры Талған Бектұрсынов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Баймағанбетов, Мәдениет ауылдық округінің әкімі Ардақ Оразбаев және ауыл тұрғындары қатысты.

Жоба аясында Жалағаш ауданындағы барлық 14 ауылдық округ толықтай алкогольден бас тартқан елді мекендер қатарына қосылып отыр. Бұл – аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі.

Айта кету керек, Жалағаш аудандық прокуратурасының бастамасымен аудан аумағындағы барлық ауылдық округтерде «Алкогольсіз ауыл» жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді.

Жүргізілген талдау нәтижесінде соңғы бес жылда ауданда масаң күйде жасалған 80 қылмыс тіркелгені анықталған. Осыған байланысты тұрғындар арасында арнайы сауалнама ұйымдастырылып, ауыл халқының 87 пайызы аталған бастаманы қолдаған.

Қабылданған шаралар өз нәтижесін беруде. Атап айтқанда, 2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша масаң күйде жасалған қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55 пайызға төмендеп, 9 деректен 4 жағдайға дейін азайған.

Сонымен қатар, заңсыз алкоголь өнімдерін сатумен айналысқан тұлғаларға қатысты заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, жауапкершілікке тартылуда.

Аталған бастама – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады.

Алдыңғы мақала

Қызылордада «Turǵyndar amanaty» партиялық жобасы аясында форум өтті

Келесі мақала

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі