• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 13 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезектілік тәртібімен қабылдады. Азаматтарды қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді көтеріп, өтініш-тілектерін жеткізді, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

13.05.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жеке қабылдауға келген тұрғындар негізінен тұрғын үй алу, жер телімін рәсімдеу, тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек мәселелері мен инфрақұрылымға қатысты сауалдарын ортаға салды. Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір азаматтың мәселесіне жеке тоқталып, заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Әсіресе жұмыссыздық мәселесі бойынша өтініш білдірген азаматтарға аудандағы мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарындағы бос жұмыс орындары ұсынылды. Бұдан бөлек, тұрғындарға қоғамдық жұмыстарға тартылу, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және қайта даярлау курстарына қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Ал тұрғын үй мәселесі бойынша қабылдауға келген азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезек тәртібімен тұрғын үй беру жұмыстары жүргізілетіні түсіндірілді. Сондай-ақ тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары назарға алынып, тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін заң талаптарына сай нақты шешімдер қабылданатыны жеткізілді.

Қабылдау соңында аудан әкімі тұрғындардың мәселелерін назардан тыс қалдырмай, әрбір өтініштің заң аясында қаралатынын атап өтті. Сонымен қатар жауапты мекеме басшыларына азаматтардың көтерген мәселелерін бақылауға алып, тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына eGov.kz порталы, e-Otinish жүйесі арқылы немесе аудан әкімдігіне келіп жазбаша өтініш беру арқылы жазылуға болады.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Келесі мақала

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

Оқи отырыңыз

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды
Экология

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
Қоғам

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды
Спорт

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті
Денсаулық

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Өзекті жаңалықтар

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды
Экология

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды

0

Аймақтағы «Таза Қазақстан» бағдарламасының бағыты санитарлық тазалыққа, абаттандыру және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға негізделген. Бюджеттен...

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды
  • Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
  • Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды
  • Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті
  • Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі