• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысып, көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндады,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

12.05.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақта вегетациялық кезеңге арналған су лимиті 3 млрд 250 млн текше метр болып бекітілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 650 млн текше метрге аз. Осыған байланысты 185,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған.

Мемлекет басшысының су үнемдеу тапсырмасына сәйкес, биыл күріш алқабы 10,9 мың гектарға қысқартылып, 70 мың гектар болды. Кейінгі төрт жылда күріш көлемі 19 мың гектарға немесе 21%-ға азайған.

Қажетті 65 600 тонна тыңайтқыштың 97 пайызы сатып алынды. Ауыл шаруашылығы техникалары 100 пайыз дайын. Көктемгі егіске мемлекет тарапынан 10144 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, кестеге сәйкес жеткізілуде.

«Қысқартылған күріштің орнына суды аз қажет ететін дақылдар, оның ішінде жүгері 15 мың гектарға отырғызылады. Күріш себу 22 сәуір күні басталып, бүгінде 35700 гектары егілді. Маусымның 1-не дейін аяқталады. Көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде, тұқыммен 100 пайыз қамтамасыз етілген», – деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте осы және өзге де мәселелер талқыланып жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді.

​«Шаруашылықтарды вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету ерекше бақылауда болуы тиіс. Су лимитінің магистральді және шаруашылықаралық каналдармен егіске алынуына, ауыспалы егіс тәртібінің сақталуына тұрақты мониторинг ұйымдастырыңыздар.

Аймаққа келген су көлемін бақылауда ұстап, есебін қатаң жүргізу, вегетация кезеңінде су шаруашылығы нысандарының, насостардың үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау керек.

Аз қамтылған азаматтарды жұмысқа тарту арқылы әлеуметтік тәуелділікті азайту, мүгедектігі бар және көпбалалы отбасыларды қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту маңызды.

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, дәрімен қамту және материалдық-техникалық базаны жақсарту арқылы медициналық көмекті қолжетімді ету керек», – деді аймақ басшысы.

Бұдан бөлек, өңірдегі құрылыс нысандарының сапасын қадағалау, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, тозған электр және жылу желілерін азайту, газбен қамту көрсеткішін арттыру тапсырылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесін ұлғайту жүктелді.

Алдыңғы мақала

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде

Келесі мақала

Қызылордада «Turǵyndar amanaty» партиялық жобасы аясында форум өтті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі