• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аудан әкімі тұрғындар ұсынысымен жүзеге асып жатқан жұмыстарды бақылады

Бүгінде Әйтеке би кентінде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен көтерген мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, ел игілігіне бағытталған бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда. Осыған орай аудан әкімі Алмасбек Есмаханов кент аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

12.05.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен аудан басшысы Желтоқсан және Счастнов көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен автотұрақтарын жөндеу жұмыстарын көрді. Мұндағы негізгі мақсат – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып, аулалардың инфрақұрылымын жақсарту.

Одан кейін Т.Сереев тұйығы мен Желтоқсан көшесіндегі №42 және №48 көпқабатты тұрғын үйлер ауласында салынып жатқан қоғамдық әжетхана құрылысының барысын бақылады. Аталған жұмыстар да тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстар негізінде жүзеге асуда.

Сондай-ақ кент көшелерінде жаңадан салынып жатқан автобус аялдамаларының құрылысымен танысты. Қазіргі таңда Әйтеке би кенті бойынша жалпы саны 12 жаңа аялдама салынуда. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аудан әкімі бұдан соң Мелиоратор мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер ауласында орналасқан спорт алаңындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрді. Қазіргі таңда кент бойынша 2 жаңа спорт алаңы салынып, 2 спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде жастардың бұқаралық спортпен айналысуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аудан басшысы құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелерге ең алдымен жұмыстың сапасына ерекше мән беруді тапсырды. Әрбір атқарылған жұмыс тұрғындар игілігіне ұзақ уақыт қызмет етуі қажет екенін айтып, сапасыздыққа жол бермеу керектігін ескертті.

Аудан әкімі кентті аралау барысында кент әкіміне аудан орталығындағы тазалық, көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап, жүйелі түрде жүргізу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Алдыңғы мақала

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

Келесі мақала

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық пысықталды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі