Қызылорда облысы дін істері басқармасының «Облысқа Республикалық ақпараттық топ мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және де басқа да діни салаға қажетті мамандарда шақыру, іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында Алматын қалалық мешітінің наиб имамы Тимур Алиев сотталғандармен кездесті.
РАНТ мүшесі 3 топтық кездесу өткізіп, 120 азамат қатысты. Т.Алиев сотталғандарға Ислам дінідегі отбасы құңдылықтары, бауырға бауырмалдық, көркем қатынас туралы айтты. Дәріс соңында сотталғандар имамға сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.
«Дін істері басқармасының әлеуметтік жобасы аясында өтіп жатқан кездесулер жазасын өтеп жатқан азаматтарға үнемі оң ықпал етеді. Мұндай кездесулер олардың пікір алмасып, сұрақтарына жауап алуына көмектеседі. Бұл кездесуден сотталғандар рухани құндылықтарды алады.»,− дейді №60 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі, әділет майоры Мейрамбек Жамиев.









