• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Аудан әкімі ұлттық статистика бюросының облыстық департаментінің басшысымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Байғабылұлы Әбсұлтановпен кездесті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.05.2026
in Әлеумет және экономика
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен статистикалық мәліметтердің сапасы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, халық саны, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, инвестиция, жұмыспен қамту және өзге де маңызды салалар бойынша қалыптасқан статистикалық деректерге талдау жасалып, алдағы кезеңдегі бірлескен жұмыстар пысықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын бағалаудағы статистикалық мәліметтердің маңызы, көрсеткіштердің нақтылығы мен уақытылы ұсынылуы мәселелері сөз болды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін нақты әрі сапалы қалыптастыру – өңірдің тұрақты дамуының негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өткен Қайрат Байғабылұлы статистика саласында жергілікті атқарушы органдармен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, алдағы уақытта да ауданмен бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, статистикалық деректердің нақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету бағытында ортақ жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.

Жиынға аудандық статистика басқармасының басшысы Бақытжан Әлімбай мен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бақытжан Жарылқап қатысып, тиісті салалар бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Алдыңғы мақала

Арал: «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жиын өтті

Келесі мақала

РАНТ мүшесі сотталғандармен кездесті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі