Жиынға «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтік жобаларды жүзеге асыру мен ҚР Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат бойынша жобалық кеңсесінің Қызылорда облысындағы өңірлік менеджері Индира Ақжігітова арнайы келіп, аталған мәселе бойынша азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, өндірістік кооперативтерді дамыту тетіктері және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шаралар талқыланды.
Жиында бағдарламаны тиімді іске асыру, ауыл тұрғындарының табысын арттыру және цифрлық картадағы төмен санаттағы отбасыларды қолдау бағытында нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айтылды.









