• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шиелі аданы әкімі Айтбай Жандарбеков Талаптан, Бәйгеқұм және Жөлек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков І жартыжылдық қорытындысы бойынша Талаптан, Бәйгеқұм және Жөлек ауылдық округтерінің тұрғындарымен есептік кездесулер өткізді, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.05.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аптаның жұма күнгі кездесулерінде аудан әкімі Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне және алдағы жоспарларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, ауылдарды көркейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Талаптан ауылдық округінде жыл басынан бері 17 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, тұрақты табыс табуына мүмкіндік жасалды. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар тіркелмеген. Ауылдың инфрақұрылымын дамыту мақсатында М.Кеншімбаев, Талаптан және Назембау көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Б.Палымбетов көшесіндегі электр бағаналарын ауыстырып, қосымша трансформатор орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, аталған жобаларды іске асыру үшін аудандық экономика және қаржы бөліміне тиісті қаржыға өтінім ұсынылған.

Сонымен қатар, өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған 2 гектар жер қоршалып, санитарлық талаптарға сай ретке келтірілген.

Бәйгеқұм ауылдық округінде ауылішілік каналдар мен арықтар толықтай қазылып, топырақтардан тазартылған. Бұл жұмыстар егістік алқаптарын сумен қамтамасыз ету мен санитарлық тазалықты сақтау мақсатында жүргізілген. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бәйгеқұм ауылының кіреберіс бөлігі абаттандырылып, арнайы қоршаулар орнатылып, ағаш көшеттері егілген. Сонымен қатар, туристік әлеуеті жоғары “Ханқожа” көлін толтыру жұмыстары жүргізілуде. Ауылішілік электр желілерін толық жаңарту жұмыстары да қарқынды жүзеге асуда.

Жөлек ауылдық округінде де бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. Бүгінде ауылда заманауи спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, жер асты арқылы ауыз су құбырлары тартылып, электр қуатын тұрақты қамтамасыз ету үшін трансформатор мен қосымша генератор сатып алынған.

Сондай-ақ, Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі арқылы қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыруға конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталды. Бүгінде ауылішілік маршрут келісіліп, 18 мамырдан бастап “Шиелі – Жөлек” бағытында қоғамдық көлік қатынайтын болады.

Кездесу барысында аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, интернет-алаяқтықтың, есірткі қылмыстарының, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырды.

Кездесулер барысында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өз ойларын жеткізді. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып, халықпен кері байланыс пен ашық диалог әрдайым басты назарда болатынын жеткізді. Сонымен қатар, кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, әр мәселенің заң аясында әрі мерзіміне сәйкес орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Сотталғандардың некеге тұру көрсеткіші жоғарылап келеді

Келесі мақала

Шиелі ауданы әкімі Айтбай Жандарбеков Майлытоғай және Сұлутөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен ездесті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі