• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шиелі ауданы әкімі Айтбай Жандарбеков Майлытоғай және Сұлутөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен ездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков І жартыжылдық қорытындысы бойынша халықпен есептік кездесулерін Майлытоғай және Сұлутөбе ауылдық округтерінде бастады деп,- «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

15.05.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кездесулер барысында аудан басшысы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен аудан көлемінде жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне кеңінен тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Атап айтқанда, Майлытоғай ауылдық округінде кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауылдың инфрақұрылымы мен көркейту-көгалдандыру бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүзеге асуда. 9 шақырымды құрайтын Тұрымбет каналы қайта қазылып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Ауылдың кіреберісіне «Мәңгілік мекенім – Майлытоғай» жазуы орнатылып, елді мекеннің көркі айшықтала түсті. Экологиялық жағдайды жақсарту және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында мемлекет бюджеті есебінен 3 миллион теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін арнайы полигон салынды.

Алдағы уақытта ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту, жастарды қолдау, санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жалғастыру басты назарда болатыны айтылды.

Сұлутөбе ауылдық округіндегі кездесуде де тұрғындар ауылда атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, аудан басшылығына қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Атап айтқанда, ауылдық округте түнгі жарықтандыру мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Құмжарған» каналын қазу жұмыстары басталды. 1 Мамыр елді мекенінің кіреберісіне төлқұжат орнатылып, балалар ойын алаңы салынды. Сонымен қатар, Тәуелсіздік, Сырдария, Астана, Алаш, Атамекен, Жаңақұрылыс, Бәйтерек, Тасшоқы және Құмсуат көшелеріне көше жарықтары орнатылды.

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов “Заң және тәртіп” қағидаты аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, интернет алаяқтықтың, есірткі қылмыстарының, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырды.

Кездесу барысында тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ауылды дамыту бағытындағы жұмыстарға қолдау білдірді. Аудан әкімі көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Шиелі аданы әкімі Айтбай Жандарбеков Талаптан, Бәйгеқұм және Жөлек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті

Келесі мақала

Шиелі ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің қатары толықты

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі