Кездесуге мәслихат депутаттары, дербес бөлім және сала басшылары қатысты.
Жиын барысында аудан басшысы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықпен тұрақты кері байланыс орнату – басты міндеттердің бірі. Әрбір елді мекеннің өзекті мәселелері кезең-кезеңімен шешімін табуы тиіс. Ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері әрдайым назарда болады,.
Бүгінде аудан көлемінде елді мекендердің инженерлік-инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Қоғалыкөл ауылын газдандыру жұмыстарын бастауға 320 млн теңге, ал Шіркейлі ауылын газдандыру жұмыстарын бастауға 400 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаларды жүзеге асыру тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз етуге, ауылдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға және өңірдің инфрақұрылымдық дамуына оң әсерін тигізетін болады– деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.
Сонымен қатар, аудан басшысы аталған елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көтерілген мәселелерге байланысты тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.









