• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Аудан әкімі ел ағаларын мерейтойларымен құттықтады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан ел ағалары, Қазалы ауданының Құрметті азаматтары Дүйсен Малкайдар Дүйсенұлы мен Жалғасбай Жаппарберген Жақсығұлұлын 75 жасқа толу мерейтойларымен құттықтап, елге жасаған адал еңбекті бағалаудың маңызын атап өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.05.2026
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі» деген болатын. Қазалы ауданында адал қызмет атқарып, саналы ғұмырын ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген азаматтарды ардақтауды дәстүрге айналдырдық.

Бүгінгі ресми жиынымыз өнегелі істердің ұйытқысы болған, жұртшылыққа етене таныс Малкайдар Дүйсенұлы мен Жаппарберген Жақсығұлұлы ағаларымыздың 75 жасқа толған мерейтойына арналады. Сіздердің жылдар бойы туған өлкенің игілігі жолында атқарған еңбектеріңіз, адал қызметтеріңіз шынайы құрметке лайық. Аудан жұртшылығы өңірдің дамуына зор үлес қосқан Өздеріңіздей жерлестерімен мақтанады. Тілеулес, ақадал ниетті азаматтардың атынан бүгінгі мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!», – деді АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Жиында аудан әкімі мерейтой иелеріне облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов пен Руслан Рүстемовтың және ел ағаларының «Құттықтауы», сонымен қатар, Қазалы ауданының ең жоғары марапаты – Қазалы ауданының «Құрмет» грамотасын табыстады. Ел ағалары мен бірге олардың жұбайлары Бақытжамал Ілиясқызы мен Кенжегүл Пірмағанбетқызына да арнайы сый-құрмет жасады.

Жиында Қызылорда облысының құрметті азаматы, І-ІІІ дәрежелі Барыс, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Самұрат Имандосов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Оразғали Бекбанов, Қазалы ауданының құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбай, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Берік Бисембаев, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Нұрман Талқанбаев, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Асылбек Тоғызбаев, ел ағасы Махамбет Оңдасын сыоды азаматтар сөз сөйлеп, мерейтой иелеріне ізгі тілектерін білдірді.

Малкайдар Дүйсенұлы еңбек жолын Кәукей ауылында веттехник болып бастаған. Әр жылдары Октябрь совхозында (Қазіргі Бекарыстан би ауылы) бас мал дәрігері, кәсіподақ комитетінің төрағасы, ферма меңгерушісі болған. 1985-1989 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы атындағы (Қазіргі Жанқожа батыр ауылы) совхозда партком секретары, 1989-1995 жылдары Үрмаш Түктібаев атындағы совхоз директоры, 1995-2000 жылдары Қазалы ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 2000-2005 жылдары Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының №6 Астық базасының директоры,

2005-2010 жылдары Қазалы аудандық пошта байланыс торабының бастығы, 2010-2012 жылдары Әйтеке би кентінің әкімі, 2012-2014 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау, қадағалау комитетінің Қазалы аудандық инспекциясының басшысы, 2014-2019 жылдары аудандық ветеринариялық станциясының директоры,

2019-2020 жылдары аудандық ветеринариялық станциясының паразитолог дәрігері қызметтерін атқарған.

Алдыңғы мақала

Шиелі ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің қатары толықты

Келесі мақала

Сырдария ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі