Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ұйымдастырған автокеруен аясында қала және аудан мектептерінің 11-сынып бітіруші түлектері арасында қазақ тілінде өткен «EKTU QUIZ» зияткерлік ойынында мектептің “Жеті қарақшы” командасы жүлделі І орынды иеленді.
Білім бәйгесінде ерекше белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен команда құрамындағы Қайсар Маханов, Асқарбек Қазиев, Рамазан Жаңабаев, Нұрқанат Сағынаев, Бекнұр Сәдуақас, Мұнар Құлекенов және Ғабит Қашқынбай Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 4 жылдық білім грантының иегері атанды.
Бұл жетістік – шәкірттердің тынымсыз ізденісі мен ұстаздардың сапалы білім беру жолындағы қажырлы еңбегінің айқын көрінісі.
Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшілерін құттықтаймыз!









