• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 5 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: Сессияда 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі бекітілді

Бүгін аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті 56 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Бауыржан Пшанов, облыстық бағыныстағы мекеме басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, әкімдікке қарасты дербес бөлімдердің басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

15.05.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Сессияның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша «2025 жылға арналған Қазалы ауданы бюджетінің атқарылуы туралы» облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Пшанов Бауыржан Төлешұлы хабарлама жасап, 2025 жыл бойынша аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржыларды игеру барысында бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылғанын айтып, 2025 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуын қанағаттанарлық деп бағалады.

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жарылқап Бахытжан Дүзелбайұлы хабарламасы тыңдалып, депутаттардың дауысқа салу қортындысымен 2025 жылғы аудандық бюджеттік атқарылуы туралы есебі бекітілді.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш облыстық тексеру комиссиясы тарапынан анықталған қаржылық бұзушылықтарға байланысты тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне алдағы уақытта жол бермеу қажеттігін ескертіп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Екінші мәселе бойынша «2025 жылға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы» Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ әкімдері хабарлама жасап, қала кент, ауылдық округтердің 2025 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы есебі бекітілді.

Үшінші мәселе бойынша «Қазалы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Сыдықов хабарлама жасады.

Сессия соңында аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы сессияның күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталып, бюджет қаражатының әрбір тиынына бюджеттік бағдарлама әкімшілері тікелей жауапты екенін, қаржы жоспарлау барысында негіздеме құжаттарының толық болуын, жаңа өзгерістерге байланысты есепшілердің біліктілігін артттыруды, ауыл әкімдерінің қаржы аудару кезінде құжаттарға мұқият болуын, электронды цифрлық қолтаңбаларын есепшілерге сеніп тапсырмауды, бюджет қаражатын игеру барысында қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

Сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер талқыланды.

Алдыңғы мақала

Арал. Жеті бірдей мектеп бітіруші түлектер білім грантын жеңіп алды

Келесі мақала

Қазалы: Отбасылық «Көңілді START» эстафеталық сайысы өтті

Оқи отырыңыз

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Құқық

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
Құқық

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

0

Алдымен ардагерлер «Қызылорда арена» спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи спорт нысанында халықаралық стандарттарға сай 50 метрлік...

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
  • Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
  • Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі