• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Қазалы: Отбасылық «Көңілді START» эстафеталық сайысы өтті

Бүгін 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай отбасындағы қарым-қатынастарды нығайту, жанұялар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің 2026 жылға арналған «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты іскер асыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында дәстүрлі отбасылық «Көңілді START» эстафеталық сайысы өткізілді,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.05.2026
in Спорт
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Отбасылық эстафета Қазалы мәдени-демалыс кешеніндегі спорт алаңқайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен басталды.

Эстафеталық сайысқа спорт саласының ардагері Бәкенов Қуанған, Әйтеке би кенттік әйелдер кеңесінің төрайымы Садуақасова Райхан және «Сауаптан құр қалмайық» қоғамдық қорының жетекшісі Қарымсақов Мақсұт қазылық жасап, Қазалы ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің 3 жаттықтырушысы төреші болды.

Эстафеталық додаға көп балалы 9 отбасы қатысып, алдымен өз командаларының ұранымен таныстырды. Одан кейін сайыскерлер 5 кезең – «Жүйрік ат», «Кім епті?», «Кім жылдам», «Допты шеңберге лақтыру», «Жеңіске жету» эстафеталары бойынша бақ сынасты. Отбасылық эстафета жанкүйерлерінің көптігінен өте тартысты өтті.

Спорт сүйер отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсімі мәдени кешенде мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты кеште қорытындыланды. Шараны аудан әкімінің орынбасары Тлеумбетов Дәурен Оңғарбайұлы сөз сөйлеп ашып, Отбасы күні мерекесінің мәні мен маңызын тілге тиек етті. Көпшілікті бүгіннен басталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына үміткер болуға шақырды. Содан соң эстафетаға қатысушы отбасыларға алғысын білдіріп, барлықө қатысушыларға аудан басшысының марапаттарын табыстады.

Тартысты өткен сайыс нәтижесімен І орын алған Теңелбековтер отбасы (№266 мектеп-лицей) диплом және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің демеушілігімен 100 мың теңге, екінші орынға ие болған Смағұловтар отбасы (204 мектеп) диплом және 70 мың теңге, ІІІ орын иегері Әбдірахмановтар отбасы (денсаулық сақтау бөлімі) диплом мен 50 мың теңге қаржылай сыйақыға ие болды.

Ал, Жандосовтар (288 мектеп), Жанқуатовтар (249 мектеп-лицей), Аманқосовтар (170 мектеп), Алуадиновтер (70 мектеп), Махановтар (мәдениет бөлімі), Наурзалиевтер (денсаулық сақтау бөлімі) отбасыларына аудан әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары берілді.

Мерекелік кеш аудандық мәдениет орталығы өнерпаздарының және отбасылық ансамблдердің концертіне ұласып, әуезді ән мен тәтті күй шырқалды. Шара барысы әсем ырғақты бишілердің биімен өріліп, көрермендерді ризашылыққа бөледі.

Қазалы ауданының білім және дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне, Әйтеке би кенттік мәдениет үйіне, Қазалы аудандық отбасын қолдау орталығына сайысты ұйымдастыруға белсене атсалысқандары үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Эстафетаға қатысқан барша отбасыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттың болашақ спортшыларын тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар шын мәнінде көпке үлгі. Мәуелі бәйтеректей жайқалып өсіп-өніп, мерейлеріңіз арта берсін! Берекесі артқан, ауызбіршілігі мығым, ынтымағы мол, табысты отбасылар қатарынан көріне беріңіздер!

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні баршаңызға құтты болсын!

Барлығыңыздың жанұяларыңызға амандық, шаттық пен қуаныш тілейміз! Берекесі мен бірлігі жарасқан отбасылар қатары көп болсын!

Алдыңғы мақала

Қазалы: Сессияда 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі бекітілді

Келесі мақала

Сырдария ауданында сенбілік жұмыстары жүргізілді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі