• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: «Қауіпсіз қоғам: тәртіп, тәрбие, жауапкершілік» атты кеңейтілген мәжіліс өтті

Бүгін Қазалы ауданында оқу жылының аяқталуы және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

20.05.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәжіліске аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудандық мәслихаттың депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, кент, қала және ауылдық округ әкімдері, аудандық қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі және әйелдер кеңесінің төрағалары, ата-аналар комитетінің өкілдері, аудандағы білім беру ұйымдарының басшылары мен бітіруші сыныптардың сынып жетекшілері қатысты.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Қауіпсіз қоғам: тәртіп, тәрбие, жауапкершілік» атты тақырыппен өткен жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов төрағалық етіп, жалпы аудандағы білім саласындағы өзекті мәселелер мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған жұмыстарға тоқталды.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев — «Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез келген қоғамның қос тұғыры. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды» — деп атап өткен болатын. Жас ұрпақтың бойына жалпыұлттық құндылықтарды сіңіру қажет. Әрбір жас отаншыл, жасампаз, жаңашыл, білімпаз, еңбекқор, ұқыпты, үнемшіл болып өсуі керек. Сондай азаматтар ғана мәдениетті, қауіпсіз әрі «Заң мен тәртіп» үстемдік құратын қоғамның іргесін қалайтыны анық. Қай қоғамда болмасын, қашанда ұрпақ тәрбиесі – өте өзекті. Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөз бар. Біз соңғы уақытта бала тәрбиесіне негізгі жауапты – ата-ана екенін ұмытып кеттік. Дегенмен, баланы ортаға бейімдеу, тәлім-тәрбие беруде мектептің рөлі үлкен. Мектеп-бала-ата-ана үштігі үйлесімді жұмыс жасауы керек. Отбасы – ұлттың ұясы. Ұя шайқалса, ұлт әлсірейді. Сондықтан, біз әрбір отбасында өзара құрмет пен сенім орнатуға, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне тосқауыл қоюға міндеттіміз. Бұл бағытта барлығымыз бірігіп, жүйелі, нақты жұмыс жүргізуіміз қажет. Себебі бұл тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың борышы. Осы орайда барлық мүдделі тараптардың бірлескен, үйлесімді жұмыс жасауға шақырамын, — деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Кеңейтілген мәжілісте аудан прокуроры Мадияр Бекпанов аудандағы түрлі қылмыс пен құқықбұзушылықтардың, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау деректерін төмендету бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды. Сондай-ақ жасөспрімдер қауіпсіздігіне бағытталған түнгі рейд сынды іс-шараларды аудан орталығымен қатар ауылдық округтерде де жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Мәжіліс барысында №170 мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Жеңісбек Аралбаев отбасы құндылықтары, отбасындағы балаға тәрбие берудегі ата-ананың рөлі жайында сөз қозғап, ұрпақ тәрбиесіне қатысты өз ақыл-кеңестері мен ұсыныстарын жеткізді.

Мәжілісте оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау, аттестат тапсыру іс-шараларын талапқа сай өткізу, балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды ұйымдастыру, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, әлімжеттік пен интернетке тәуелділіктің алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су айдындарындағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін сақтау, түнгі рейд жұмыстарын күшейту, жазғы тынығу лагерьлердің дайындығы мен санитарлық талаптардың орындалуы бойынша жауапты сала басшыларының хабарламалары тыңдалды.

Жиын соңында аудан басшысы мәжілісте талқыланған өзекті мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, берілген тапсырмалардың орындалуын салаға жауапты орынбасарына жүктеді.

Алдыңғы мақала

300 кітап: ізгілікке иек артқан игі іс

Келесі мақала

Сырдарияда көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі