Аталған вокзал ғимараты 1976 жылы пайдалануға берілген және тәулігіне 150 жолаушыға қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.
Жоба аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ тапсырысымен жүзеге асырылуда.
Жобаның жалпы құны 1 млрд 37 млн теңгені құрайды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың
25 мамырынан басталып, бүгінде аяқталуға жақын.

Қазіргі таңда: теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды, технологиялық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Нысанды ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Айта кету керек, 2023 жылы вокзал аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жолаушыларға қолайлы орта қалыптастыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған.
Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң, вокзал тұрғындар мен жолаушыларға сапалы әрі заманауи қызмет көрсететін маңызды нысанға айналады.









