• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Өнер

Сырдарияда «Өнер құдыреті – мәңгілік» атты мерекелік іс–шара өтті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Өнер құдыреті – мәңгілік» атты мерекелік іс- шара өтті. Мерекелік іс-шараға мәдениет саласының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

24.05.2026
in Өнер
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік шара алдында ауданның мәдениет саласындағы жетістіктерін насихаттайтын арнайы көрме көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге мәдени-көпшілік шаралар мен концерттік бағдарламалардан фотосуреттер, өнер ұжымдарының шығармашылық жұмыстары және сала мамандарының әр жылдары алған марапаттары қойылып, қонақтар мәдениет қызметкерлерінің еңбектерімен кеңінен танысты.

Іс-шара барысында аудан басшысы мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала мамандарының ел руханиятын дамытудағы елеулі еңбегіне тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз» деп мәдениет пен өнердің қоғамдағы орнына ерекше баға берген болатын. Шын мәнінде, мәдениет – ұлттың жаны, ал өнер – халықтың асыл қазынасы. Бүгінде Сыр өңірінде мәдениет пен руханиятты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Барлық аудандарда «Руханият» орталықтары бой көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды орталықтарға айналуда. «Анаға тағзым» орталығы, «Отбасы орталығы», 1000 орындық «Өнер» орталығы, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Достық үйі» ел игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, симфониялық оркестр, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би және хор ұжымдары құрылып, Жыраулар үйі ашылды. Өнер және мәдениет өкілдеріне арналған «Тұран» сыйлығының табысталуы да шығармашылық иелеріне көрсетілген зор қолдаудың айқын көрінісі. Президент тапсырмасына сәйкес өңірімізде жаңа драма театры мен Президенттік кітапхананың құрылысы жүргізілуде. Бұл – ел руханиятын дамытуға, мәдениет пен өнердің көкжиегін кеңейтуге бағытталған маңызды бастамалар. Ұлт руханияты жолында аянбай еңбек етіп жүрген мәдениет қызметкерлеріне аудан жұртшылығы атынан шынайы алғысымды білдіремін. Шығармашылық табыс, шалқар шабыт және толағай жетістіктер тілеймін, – деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Мерекелік шара барысында мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар сала қызметкерлері облыс және аудан әкімінің Алғыс хатымен, облыс әкімінің орынбасарының және «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, мәдениет саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп, руханиятты дамыту жолындағы жемісті қызметтері үшін бірқатар азаматтарға «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі және аудан әкімінің «Мәдениет жанашыры» төсбелгісі табысталды.

Мұнан соң, аудан өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

Арал: «Теңізден соққан жел»: Ш.Сариевке – 80 жыл

Келесі мақала

Облыс делегациясы WORLD URBAN FORUM-13 халықаралық форумына қатысты

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі