• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Арал: «Теңізден соққан жел»: Ш.Сариевке – 80 жыл

Бүгін қасиетті Арал топырағында туып, қазақ поэзиясының қайталанбас тұлғасына айналған ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың және «Платиналы Тарлан» сыйлығының, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты, ғалым, «Парасат» және І дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде «Теңізден соққан жел» атты шығармашылық кеш өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

22.05.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Дара тұлғаның шығармашылығына арналған рухани шаралар кеше ақынның туып-өскен Қамыстыбас елді-мекенінде бастау алып, тағылымы мол рухани кешке ақынның жары Жұмагүл Сариева арнайы қатысқан болатын. Туған жеріндегі №21 орта мектепте «Ұлы дала – шөл даланың ұлымын» атты әдеби-сазды шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Шөмішбай мұрасы – руханият шамшырағы» атты сыр-сұхбат кеші өтті.

Бүгінгі шығармашылық кешке арнайы қатысқан аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қазақ руханиятының көрнекті өкілі, жыр әлемінің жарық жұлдызы жайлы, оның шығармашылығы мен өмір жолына жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар бүгінгі кештің басты қонағы – ақынның жары Жұмагүл апайға ерекше құрмет көрсетті.

Иә… Көпшілік білер, білмес, Шөмішбай Сариевтің алғашқы еңбек жолы «Толқын» газетінде басталған. Фототілшіліктен бастау алған шығармашылық жол кейін қазақ сөз өнерінің биік шыңына ұласты. Бойындағы сан-қырлы талантымен елдің сүйікті перзентіне айналды. Кеште ақын өмірбаянынан сахналық қойылым жасалды.

Ал поэзиялық бөлімде өнерпаздар тарапынан ақын өлеңдері оқылып, көрермен толы залда махаббатқа толы лирикалық сарын есті. Осылайша ақын өлеңдері дәріптеліп, тыңдарманның көңіл сарайын шаттандырды.

Кеш соңында ақынның жары Жұмагүл Қаженқызы ақын өмірінен естелік сыр шертіп, халықтың ерке ұлына айналған аяулы перзентін туған жері ұлықтап жатқанына ризашылығын ерекше тебіреніспен жеткізді. Шараны ұйымдастыруға атсалысқан барша азаматтарға аналық алғысын білдірді.

Осылайша қазақ ғылымына тыңнан түрен салған, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығы туған жерінде жоғары деңгейде аталып өтілді.

Алдыңғы мақала

Арал. Өнер саласының қызметкерлері марапат төрінен көрінді

Келесі мақала

Сырдарияда «Өнер құдыреті – мәңгілік» атты мерекелік іс–шара өтті

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі