• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 31 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Жалағаштық балалардың жазғы демалысы жақсы өтуі тиіс!

Мұндай тапсырманы Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов өткен мәжілісте сөз етті. Мәжілісте 2025-2026 оқу жылының қорытындысы, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер, сондай-ақ облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

26.05.2026
in Денсаулық, Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәжілісте аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталып, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

«Бүгінгі Үкімет отырысында қаралған мәселелер бойынша аймақ басшысы тарапынан нақты тапсырмалар берілді. Барлық тапсырмалар сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Жазғы демалыс кезеңінде барлық үйірмелер мен спорттық секциялардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер. Балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріліп, лагерьлердегі санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары толық сақталуы қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың ауданда орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстап, межеленген көрсеткіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылады», – деді А.Ибраимов.

Биыл ауданда 470 оқушы мектеп бітірді. Оның 414-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берген. Түлектердің 20-сы «Алтын белгіге» үміткер болса, 42 бітіруші «Үздік аттестатқа» ұсынылған.

Сонымен қатар, биылғы оқу жылында республикалық ауыл мектептеріне арналған олимпиаданың облыстық кезеңіне 106 оқушы қатысып, оның 22-сі республикалық кезеңге жолдама алды. Нәтижесінде республикада 8 оқушы жүлделі орын иеленіп, оның ішінде 3 оқушы Алтын медаль иегері атанса, 2 оқушы Күміс медаль, 3 оқушы Қола медаль жеңіп алды.

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында биыл «Ақтерек» лагерінде 452 баланың демалысы жоспарланған. Оның ішінде 402 бала – міндетті оқу қоры есебінен, 50 бала – кәсіподақ есебінен қамтылады.

Аудан әкімі балалардың жазғы демалысын сапалы әрі мазмұнды ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын қорытындысымен күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша кент және ауылдық округ әкімдеріне, тиісті бөлім және мекеме басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.

Алдыңғы мақала

Қазалы: Мәжілісте кадрлық өзгерістер таныстырылды

Келесі мақала

Мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Оқи отырыңыз

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель
Қоғам

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Білім

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті
Құқық

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті
Құқық

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады

Жауапты қызметтегі жырқұмар жан

Есірткісіз қоғам – жарқын болашақ кепілі

«Есірткіге қарсы үздік төсбелгі» сайысы қорытындыланды

«Қайсар» мен «Елімай» арасында тартысты матч өтті

Өзекті жаңалықтар

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель
Қоғам

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель

0

Стратегиялық басқару – оқыту қызметінің миссиясы мен даму траекториясын айқындап, ресурстарды тиімді үйлестіру арқылы ұзақ мерзімді нәтижеге...

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады

Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель
  • Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
  • Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті
  • Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті
  • Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі