• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Аудан мектептерінде жас түлектерге арналған салтанатты шара өтті

Биылғы оқу жылы да аяқталып, мектеп бітіруші түлектердің алтын ұя білім ордасымен қоштасатын сәті де келіп жетті. Бұл күн - мектеп бітіруші түлектер үшін маңызды әрі есте қалатын жарқын сәттердің бірі,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.05.2026
in Білім
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгін Қазалы ауданындағы барлық мектептерде мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты шаралар өтті.

Әйтеке би кентіндегі Мұстафа Матаев атындағы №170 мектепте өткен мерекелік салтанатты кешке аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, мектеп бітіруші жас түлектерге жарқын болашақ тілеп, қуанышымен бөлісті.

-Бүгін аймағымызда 10 мыңнан аса жас түлек, ал Қазалы ауданында 1015 түлек он бір жыл бойы білім алған алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұр. Президентіміз Қасым — Жомарт Кемелұлы «Мектеп – білім мен тәлім — тәрбиенің киелі ордасы. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет» деген болатын. Жақында ғана Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Нұрлыбек Машбекұлы төрт жылдан астам уақыт облысымызды басқарған тұста, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен 200-ден астам әлеуметтік нысандар бой көтерсе, оның ішінде жаңа заманауи 45 білім беру нысандары ел игілігіне берілді. Қазалы ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді. 9 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар білім ордалары жабдықталған кабинеттермен қамтамсыз етілді. Бұл жұмыстар – еліміздің кемел келешегіне салынған ең маңызды инвестиция. Аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген барша ұстаздар қауымына Сыр жұртшылығының және облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының атынан зор ризашылығымды білдіремін. Барша жас түлектерге қанаттарыңыз талмай, бейбіт еліміздің көгінде шарықтап, ата — аналарыңыздың үмітін ақтауларыңызға тілектеспін. Әрдайым жолдарыңыз ашық болып, арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер, — деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Салтанатты шарада мектептің ардагер ұстаздары мен ата-аналар да құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге батасын берді. Бұдан әрі жас түлектер мектеп алаңында вальс билеп, ән шырқап, естелік суретке түсіп, ұстаздарымен қоштасты.

Дәл осындай жас түлектердің мектеп бітіру кештері аудан әкімінің орынбасарлары, кент, қала және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен барлық аудан мектептерінде өтті.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында ауданымызда 1015 түлек мектеп бітіргелі отыр. Оның ішінде 943 оқушы ҰБТ-ға ағымдағы жылдың 10 мамырынан бастап — 10 шілде аралығында бақ сынауда. Биыл ауданымызда мектеп бітіретін 1015 түлектің 99-ы «Алтын белгіге», 116-ы «Үздік аттестатқа» үміткер атанып отыр.

Алдыңғы мақала

Арал ауданында мыңнан астам түлек мектеп бітіруде

Келесі мақала

Қазалыда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне 3 техника табысталды

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі