Іс-шарада салалық мекемелерге экологиялық инфрақұрылымды нығайту мақсатында қалдық тасымалдаушы көліктер, өрт сөндіру техникалары, тракторлар және кіші өрт сөндіру кешендері сынды 26 арнайы техника табысталды.
Оның ішінде Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне 3 арнайы техника берілді.









