• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 30 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Бизнес

Қызылордада «Roca Group» зауытының құрылысы басталады

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен арнайы келген «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандеспен кездесті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

27.05.2026
in Бизнес
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кездесуде аймақ басшысы өңірдің инвестициялық әлеуеті, өндіріс орындарын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар, алда жүзеге асатын жобалар туралы айтты.

«Ең алдымен, өңірге арнайы іссапармен келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін.

Сантехникалық бұйымдар өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі, ғасырдан астам тарихы бар «Roca Group» компаниясымен серіктестік орнату — біз үшін үлкен мәртебе.

Мемлекет басшысының қолдауымен соңғы төрт жылда аймағымызға 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның басым бөлігі — жеке инвестициялар.

Алдағы уақытта жаңа өндіріс орындарын ашу мақсатында 1 трлн теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады. Ертең Өздеріңізбен бірге көптен күткен «Roca» зауытының іргетасын қалаймыз.

Санитарлық-техникалық бұйымдар өндіру жобасы 2024 жылдан қолға алынды. Сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы бастаған Қызылорда облысының делегациясы Испания Корольдігіне арнайы іссапармен барып, компанияның өндіріс орындарымен танысты.

Өткен жылдың маусым айында «Roca Group», ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және Қызылорда облысының әкімдігі арасында үшжақты келісімге қол қойылып, желтоқсан айында инвестициялық келісім жасалды.

Мемлекеттік қолдау ретінде Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 24 гектар жер телімі берілді.

Сонымен қатар Үкіметпен бірлесіп, елімізде өндірілмейтін, инновациялық және экспортқа бағытталған жоғары сапалы өнім шығаратын жобалар үшін шикізат тасымалы шығындарының бір бөлігін өтеу мүмкіндіктері қарастырылуда.

Елімізде баламасы жоқ жобаның біздің облыста жүзеге асқанына қуаныштымыз!», — деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

Айта кетейік, Қызылорда қаласында 44,1 млрд теңгеге «Roca Group» санитарлық-техникалық бұйымдар шығару зауытының құрылысы басталмақ. Кәсіпорында 300 адам жұмыспен қамтылып, жылына 500 мың өнім өндіріледі. Жоба ҚР Үкіметі, Қызылорда облысының әкімдігі және аталған компания арасындағы үшжақты келісім негізінде жүзеге асырылады.

Алдыңғы мақала

Шыны ыдыстар шығаратын зауыт салу мәселесі талқыланды

Келесі мақала

Қызылордада есірткі жарнамаларын жою акциясы өтті

Оқи отырыңыз

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель
Қоғам

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Білім

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті
Құқық

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті
Құқық

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады

Жауапты қызметтегі жырқұмар жан

Есірткісіз қоғам – жарқын болашақ кепілі

«Есірткіге қарсы үздік төсбелгі» сайысы қорытындыланды

«Қайсар» мен «Елімай» арасында тартысты матч өтті

Өзекті жаңалықтар

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель
Қоғам

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель

0

Стратегиялық басқару – оқыту қызметінің миссиясы мен даму траекториясын айқындап, ресурстарды тиімді үйлестіру арқылы ұзақ мерзімді нәтижеге...

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады

Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель
  • Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
  • Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті
  • Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті
  • Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі