• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шыны ыдыстар шығаратын зауыт салу мәселесі талқыланды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Seven Rivers Technologies» ЖШС директоры Ануар Үмбетаевпен кездесті. Онда аймақта шыны ыдыстар шығаратын зауыт салу мәселесі талқыланды,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

27.05.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруда жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Кейінгі төрт жылда аймаққа 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның басым бөлігі — жеке инвестициялар. Алдағы уақытта құны 1 трлн теңге болатын 14 ірі инвестициялық бастама қолға алынады.

«Жаңа өндіріс орындарын ашу – өңір экономикасын дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Солардың қатарында шыны ыдыстар шығаратын зауыт құрылысы бар. Бұл өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, импортты алмастыруға және қайта өңдеу саласын дамытуға серпін береді. Әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі»,– деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Айта кетейік, аталған зауыт құрылысына қатысты келіссөздер 2023 жылдан бері жүргізіліп келеді. Астана қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өткен «Қазақ-Герман» бизнес-форумы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

«Seven Rivers Technologies» серіктестігінің шыны ыдыстар шығаратын зауытының жалпы құны — 60 млрд теңге, инвесторы – Германияның «Medal holding» компаниясы, бас мердігері – «Horn» компаниясы. Кәсіпорында жылына 240 млн дана шыны ыдыс өндіру жоспарлануда. Нысанды 2027 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру көзделген.

Өндіріске мемлекеттік қолдау көрсетіліп, Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 38 гектар жер телімі берілген. Сонымен қатар, «Жанплес-3» кен орнынан кварц құмын өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы ұсынылған.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржыландыру мақсатында екінші кезеңге қажетті құжаттар топтамасы тапсырылған.

Зауыт іске қосылғаннан кейін республика көлемінде жиналатын шыны қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жоғары сапалы өнім өндіру және импортты алмастыру мүмкіндігі артады. Сонымен қатар өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті күшейіп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Алдыңғы мақала

Сыр өнерпаздары Люксембургте қазақ мәдениетін дәріптеді

Келесі мақала

Қызылордада «Roca Group» зауытының құрылысы басталады

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі