• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 28 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қамбаш көліндегі демалыс маусымына дайындық пысықталды

Аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаевтың төрағалығымен өткен жиында Қамбаш көлі жағалауының суға шомылу маусымына дайындық барысы пысықталды. Жиынға Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, Арал ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшылары мен өзге жауапты сала мамандары қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

31.05.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен Аққұмшық жағажайын жалға алған жеке кәсіпкер А. Балмырзаевқа демалыс аймағында қызмет көрсететін барлық кәсіпкерлердің құжаттары толық рәсімделуі қажеттігін жеткізді. Құжаттандыру жұмыстарын жүргізу жеке кәсіпкерге жыл басында ескертілген болатын.

Сонымен бірге, бірінші кезекте қауіпсіздік шараларының сақталуы маңызды екендігі айтылып, балалар мен ересектердің жүзу аймағын белгілеу, суға жүзуге арналған қайықтар мен өзге де су көліктерінің арнайы белгіленген орындарда қызмет көрсетуі тапсырылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына кәсіпкерлік нысандардың асхана қызметкерлерінде мерзімді медициналық бақылаудан өткені туралы анықтамаларының болуы азық-түлік сақтайтын орындардың болуын қадағалау мәселесі жеткізілді.

Жиын барысында жауапты сала басшылары мен Қамыстыбас ауылдық округінің әкіміне демалыс аймағының санитарлық тазалығын сақтау, кәсіпкерлердің белгіленген талаптарға сай қызмет көрсетуін қадағалау, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық бекеттің болуын, жағажайдағы сатылатын заттардың бағасының тұрақтылығын бақылау жүктелді.

Демалыс аймағында қоғамдық тәртіпті сақтау, қызмет көрсету барысында белгіленген талаптарды орындау, демалушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелерін түсіндіру бойынша жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Алдыңғы мақала

Қызылордада шыны ыдыстар өндіретін зауыттың іргетасы қаланды

Келесі мақала

Қазалы: Жанқожа батыр ауылында өрт сөндіру бекеті салынуда

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
Қоғам

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі