• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қызылордада «Заң керуені» акциясы бастау алды

Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өңір тұрғындарымен кездесудің игі дәстүріне айналған «Заң керуені» акциясы Сырдария ауданынан бастау алды,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

02.06.2026
in Құқық
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мұндай форматтағы шаралар тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, жергілікті жерде жедел шешуге, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Іс-шараға облыс прокуроры Ризабек Ожаров, аудан әкімі Берік Сәрменбаев сондай-ақ құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандыру, жер қатынастары, тұрғын үй, еңбек, атқарушылық іс жүргізу және өзге де салалар бойынша көтерген мәселелері қаралды. Азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді. Жекелеген мәселелер бақылауға алынды.
Шара аясында азаматтардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс бойынша қылмыстылық 10 пайызға, ал Сырдария ауданында 22 пайызға төмендеген.
«Заң керуені» акциясымен облыс көлеміндегі 135 елді мекендер мен аудан орталықтарын қамту жоспарлануда.
Бұл ретте шараға облыс прокуратурасы қызметкерлерінен құралған топтар жасақталып, әр топқа басқарма бастықтары, облыс прокурорының аға көмекшілері және тәжірибелі қызметкерлерден жетекшілер белгіленді.
Акция шеңберінде аталған топтар халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, тұрғындардың мәселелерін жедел қарауға және қолжетімді құқықтық көмек көрсетуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Қызылорда облысының прокуратурасы

#ЗаңменТәртіп
#Заңүстемдігі
#Заңбәрінеортақ
#АдалАзамат
#Жауапкершілік

Алдыңғы мақала

«Сыр ұланы» жазғы тынығу лагерінің салтанатты ашылуы

Келесі мақала

Сын сағаттағы сындарлы әрекет

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі