• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Сыр ұланы» жазғы тынығу лагерінің салтанатты ашылуы

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Сыр ұланы» жазғы тынығу лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

02.06.2026
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік шараға Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысып, лагерьге жолдама алған оқушыларды құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл күй, қызықты демалыс пен жарқын естеліктер тіледі.

– “Балалардың алаңсыз демалып, денсаулығын нығайтып, жаңа достар тауып, жан-жақты дамуына жағдай жасау — басты міндеттердің бірі. «Сыр ұланы» лагерінде өткізетін әрбір күндеріңіз мазмұнды да әсерлі болып, жарқын жетістіктерге жетелей берсін,” – деді аудан әкімі.

Ауданымызда 2026 жылдың жаз мезгілінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Осы жұмыстар аясында «Сыр ұланы» жазғы тынығу лагері биыл 7 ауысым бойынша жұмыс жүргізіп, жалпы 700 оқушыны қабылдайды. Әр ауысымда 100 баланың демалуына мүмкіндік қарастырылған.

Лагерьде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән берілген. Демалушылардың сапалы тамақтануы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, медициналық қызмет көрсету және тәрбиелік жұмыстар тұрақты бақылауда болады. Сонымен қатар лагерь аумағында балалардың белсенді демалысын ұйымдастыру мақсатында спорттық ойын алаңдары, жаттығу аймақтары мен демалыс орындары жабдықталған. Шығармашылық үйірмелер, мәдени-көпшілік шаралар, танымдық кездесулер мен спорттық жарыстар арқылы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған.

Айта кету керек, өткен жылы лагерь аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаулары заманауи әрі қауіпсіз үлгіде жаңартылды. Сонымен қатар аумақ толық жарықтандырылып, қосымша жарық шамдары орнатылды. Бұл өз кезегінде балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына қолайлы жағдай қалыптастырды.

Ашылу салтанатында балалар көтеріңкі көңіл күймен лагерь маусымын қарсы алып, мерекелік бағдарламаларға белсенді қатысты. Бүлдіршіндердің шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің мәнін арттыра түсті.

«Сыр ұланы» лагерінің жаңа маусымы балаларға ұмытылмас әсер, қызықты сәттер мен жарқын естеліктер сыйлайды деп күтілуде.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі нашақорлықтың алдын алу және интернеттегі есірткі насихатына қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Келесі мақала

Қызылордада «Заң керуені» акциясы бастау алды

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі