• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 27 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың елді мекендерді аралап, халықпен кездесулері Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарында жалғасты. Кездесулер барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары кеңінен талқыланды,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

03.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың өңір дамуына оң әсер етіп отырғанын атап өтті. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс күшейіп, ауылдардың инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып жатқандығын айтты.

Сонымен қатар аудан әкімі төрт жылдан астам уақыт ішінде облыс әкімі қызметін атқарған Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың басшылығымен аймақта ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізді. Өңірде әлеуметтік нысандар салынып, инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, ауылдарды дамытуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен іске асырылғанын атап өтті.

— Бүгінде облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының жетекшілігімен де халық игілігі үшін маңызды жобалар жалғасуда. Аудан көлемінде әлеуметтік нысандарды жаңғырту, жол, электр, газ және ауыз су инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Биыл жыл басында Бекарыстан би ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілсе, Майдакөл ауылында өткен жылы 100 орындық ауылдық клуб ел игілігіне табысталды. Ү.Түктібаев ауылында биыл электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарында орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстары басталып, жыл соңына дейін 4 ауылды көгілдір отынға қосу жұмыстары жоспарланып отыр. Жуық арада Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында құрылысы жүргізілген жаңа спорт кешендерін пайдалануға беретін боламыз. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, инфрақұрылымды дамытуға үлкен серпін бермек, — деді аудан басшысы.

Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда ауылішілік көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, жайылымдық жерлерге мал суару үшін бұлақ қазу, Майдакөл ауылының жайылымдық жеріндегі Шағатай бұлағының көзін ашу, ветеринария саласындағы өзекті мәселелер мен мал ауруларының алдын алу үшін дезинфекция жұмыстарын күшейту және Ү.Түктібаев ауылындағы бір көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесі көтерілді.

Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әрбір ұсыныс пен пікірге жеке-жеке тоқталып, заң талаптарына сәйкес жауаптар берді. Көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып, жауапты сала басшыларына тұрғындар ұсынысына сәйкес нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын соңында аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Әділетті Қазақстан», «Адал адам» бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының маңыздылығына тоқталды. Тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және туған жерге жанашырлықпен қарау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

 

Алдыңғы мақала

Аудан әкімі Қарақұм, Ерімбетжаға ауылдарына жұмыс сапарымен барды

Келесі мақала

Сырдария ауданының әкімі жас жайдарманшыларды қабылдады

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі