• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 19 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы қаласындағы және Ақтан батыр ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

17.09.2026
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан басшысы алдымен Қазалы қаласындағы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің жылу маусымына дайындығымен танысты. Биыл білім ошағының жылу жүйесіне жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталған. Сонымен қатар мектептің кіреберіс бөлігіне де ағымдағы жөндеу жүргізілген.

Бұдан бөлек Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп, М.Горкий атындағы №16 мектеп-лицей, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі және «Ақерке», «Өрімтал» бөбекжай-балабақшаларының жылу беру маусымына дайындығы, жылу жүйелерінің техникалық жағдайы мен қысқы кезеңге әзірлігі толықтай тексерілді.

Биыл Қазалы қаласындағы қалалық мәдениет үйі ғимаратының жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимарат газ отынына бейімделді. Жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме – «АҢСАТ-ҚҰРЫЛЫС и С» ЖШС жүзеге асырған болатын. Ағымдағы жөндеу барысында ғимараттың жылу жүйесіндегі ақаулы бөліктер қалпына келтіріліп, қажетті жөндеу және алмастыру жұмыстары жүргізілді.

Қазалы қаласындағы нысандардан кейін аудан әкімі Ақтан батыр ауылдық клубының жылу жүйесін көрді. Биыл ауылдық клубтың жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, жылу жүйесін газға бейімдеу мен ақаулы бөліктерді қалпына келтіру, жөндеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

Аудан әкімі барлық әлеуметтік нысандардағы жылу қазандықтары мен инженерлік жүйелердің жағдайын жіті тексеріп, жауапты мекеме басшыларына жылу беру маусымына дайындықты сапалы аяқтау, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою және жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ жылу беру маусымын қауіпсіз әрі тұрақты өткізуде, әлеуметтік нысандарда қолайлы жағдай қалыптастыруда ешқандай мәселе туындамау керектігін қатаң ескертті.

Айта кетейік, 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына аудан бойынша қажетті қатты отын көлемі 11,0 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде халық тұтынуына 8,6 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 2,4 мың тонна жоспарланған. Сонымен қатар 1,9 мың тонна сұйық отын қажеттілігі белгіленген.

Алдыңғы мақала

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Келесі мақала

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі