Ұлттық, саяси және діни экстремизм тәуекелдерінің алдын алу, деструктивті діни ағым өкілдерімен профилактикалық және оңалту жұмыстарын жүргізу, террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиында діни бірлестіктердің қызметі, елді мекендердегі мешіттердің жай-күйі, құжаттарын ретке келтіру және діни ахуалды тұрақты бақылауда ұстау мәселелеріне де назар аударылды.
Аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы жауапты сала басшыларына терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, халық арасында түсіндіру шараларын жүйелі жүргізуді және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды сапалы ұйымдастыруды тапсырды.
Отырыста қаралған мәселелер бойынша аудан басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, әрбір тапсырманың тиянақты орындалуы қатаң бақылауында болатынын ескертті.









