Аталған мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі мен аудандық көпбейінді орталық аурухана басшылығының есептері тыңдалып, есірткі қылмыстарының алдын алу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, профилактикалық және рейдтік іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі есірткі қылмысының алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік мекемелер мен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Осыған байланысты білім беру, мәдениет, спорт салаларында ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты.
Жиында аудан прокуроры Мадияр Бекпанов «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, жеке шаруашылықтардың жер учаскелерінде заң талаптары бұзу жағдайлары орын алған жағдайда шаруашылықтардың жерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тиісті шаралар қабылдау керектігін жеткізді.
Бұдан кейін аталған жиын аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына жалғасты. Комиссия отырысында құрылыс саласы мен ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.
Бұл ретте аудан басшысы құрылыс саласында бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету, қаржы төлемдері, құрылыс сапасын бақылау, нысандарды қабылдау және рұқсат беру рәсімдеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жауапты бөлім басшысына нақты тапсырмалар берді.
Ал ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы бойынша жер учаскелерін беру кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, аукцион өткізу тәртібін бұзбау, мүдделер қақтығысына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті.
Тұрғын үй құрылысына беріліп, қазіргі таңда пайдаланылмай бос жатқан 133 жер учаскесіне қатысты жұмыстарды заң талаптарына сәйкес жүргізу қажеттігін айтты.
Жиын соңында аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы мемлекеттік қызметте ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, азаматтармен ашық диалог орнату және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру – әрбір мемлекеттік органның басты міндеті екенін атап өтті.
Комиссия отырыстарының қорытындысымен жауапты мекемелерге күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуы тікелей бақылауда болатынын ескертті.









