• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 19 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

Қазалы ауданында ауылдық жерлердің экономикалық әлеуетін арттыруға, тұрғындардың табысын көбейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында соңғы үш жылда кәсіп бастауға ниетті азаматтарға қолдау көрсетіліп, ауыл шаруашылығы, мал өсіру, жылыжай және шағын өндіріс бағыттарында бірқатар жоба іске қосылды, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

18.09.2026
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

2023–2025 жылдары аудан бойынша жалпы құны 1 млрд 842 млн теңгені құрайтын 255 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде ауылдық елді мекендерде 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып, тұрғындардың өз кәсібін дамытуына мүмкіндік жасалды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету арқылы олардың табысын арттыру және ауылдық жерлерде тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы кезеңде де жалғасын табады.

2026 жылы 88 жоба қаржыландырылады

Биыл «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр. 2026 жылы жобаларды іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен Қызылорда облысына 5,6 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Оның ішінде Қазалы ауданы бойынша 88 жобаны қаржыландыруға 850 млн теңге бағыттау көзделген. Бұл қаражатты тиімді игеру арқылы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жаңа өндіріс орындарын ашу және ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік молая түспек.

Жобалардың жүзеге асуы ең алдымен ауылдық елді мекендердегі экономикалық белсенділіктің артуына ықпал етеді. Сонымен бірге тұрғындардың өз кәсібін ашып, тұрақты табыс көзін қалыптастыруына жол ашады.

Жылыжай шаруашылығы дамып келеді

Қазалы ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында ерекше серпін алып келе жатқан бағыттардың бірі – жылыжай шаруашылығы.

Бүгінде ауданда жалпы құны 62,2 млн теңгені құрайтын, аумағы 1 200 шаршы метр болатын 9 жылыжай іске қосылған. Жылыжайлардың жұмыс істеуі жыл бойы көкөніс өнімдерін өндіруге мүмкіндік беріп, жергілікті тұрғындарды еңбекпен қамтуға да оң әсерін тигізуде.

Аталған жылыжайларда ағымдағы жылы 10 тоннаға жуық қияр мен қызанақ өндірілген. Бұл – бағдарлама аясында қолға алынған жобалардың нақты нәтижесінің бірі.

Жылыжай шаруашылығын дамыту арқылы аудан тұрғындарының жергілікті жерде өнім өндіруіне, ішкі нарықты көкөніспен қамтамасыз етуге және отбасылық кәсіпті дамытуға мүмкіндік артып отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жобалардың санын көбейту ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға оң ықпал етпек.

Асыл тұқымды мал басы көбейді

Бағдарлама аясында мал шаруашылығын дамытуға да айрықша көңіл бөлінуде. Қазалы ауданында жалпы құны 265,5 млн теңгеге 416 бас асыл тұқымды мал сатып алынған.

Оның ішінде 80 бас жылқы, 247 бас ірі қара, 20 бас түйе және 69 бас ешкі бар.

Мал шаруашылығына бағытталған жобалардың нәтижесінде шаруашылықтардың өндірістік мүмкіндігі кеңейіп қана қоймай, асыл тұқымды мал басын көбейтуге жағдай жасалып отыр. Қазіргі таңда төл алу есебінен сатып алынған малдардың жалпы саны 456 басқа дейін артқан.

Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы саласындағы жобалардың бір реттік қаржылық қолдаумен шектелмей, тұрақты түрде нәтиже беріп отырғанын көрсетеді.

Шағын өндірістік орталықтар жұмыс істеуде

«Ауыл аманаты» жобасының тағы бір маңызды бағыты – ауылдық жерлерде шағын өндіріс орындарын қалыптастыру.

Ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында Бесарық ауылындағы «Абай Даулет» серіктестігінің оң тәжірибесін кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Осы тәжірибені басқа елді мекендерге енгізу мақсатында Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және Жалаңтөс батыр ауылында жалпы құны 59,1 млн теңгені құрайтын 17 жобадан тұратын 3 шағын өндірістік орталық құрылды.

Қазіргі таңда аталған өндірістік орталықтар тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл нысандардың іске қосылуы ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына, өндірістік бағыттағы жаңа бастамалардың пайда болуына және жергілікті жерде жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берді.

Оның ішінде жалпы құны 38,1 млн теңгені құрайтын 5 жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

Кәсіпкерлікке қолдау – ауыл дамуының негізі

Жалпы, Қазалы ауданында «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етіп отыр. Бағдарлама арқылы азаматтар мал шаруашылығы, жылыжай, шағын өндіріс секілді түрлі бағытта өз жобаларын іске асырып, табыс көзін қалыптастыруда.

2023–2025 жылдары іске асқан 255 жобаның тәжірибесі аудан үшін жаңа кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға негіз болды. Ал 2026 жылы жоспарланып отырған 88 жобаның қаржыландырылуы бұл жұмыстың ауқымын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Ауыл аманаты» жобасының басты ерекшелігі – ауыл тұрғындарының өз әлеуетін пайдаланып, тұрақты кәсіп қалыптастыруына жағдай жасау. Осы арқылы ауыл экономикасын жандандырумен қатар, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және ауылдық жерлердегі жұмыспен қамту мәселесін шешуге мүмкіндік бар.

Қазалы ауданында алдағы уақытта да бағдарлама аясындағы жобаларды тиімді жүзеге асырып, ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың табысын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек.

Алдыңғы мақала

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Келесі мақала

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі