• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 6 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Қала күні» мерекесі аясында «Жастық шағымның куәсі – Қызылорда!» атты дәстүрлі ретро-фестиваль өтті. Ашық аспан астындағы мәдени шара өнерпаздардың тақырыптық қойылымымен басталды. Әнші-композитор Өктем Алтаев өзінің танымал әндерін орындап, ретро-кештің көркін қыздырды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

18.09.2026
in Өнер
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Әрі қарай сахна төріне А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанындағы «Мереке», облыстық филармония жанындағы «Сыр самалы», Тереңөзектен келген «Достар», Жаңақорған ауданының «Экспресс» және Қазалының «Сейхун» вокалды-аспапты ансамбльдері шығып, әсем әндерін ұсынды.

Бұл әндер – балалық, жастық шақтың, тұтас бір дәуірдің бейнесі. Өткенді сағыну – бүгінді ұмыту емес, керісінше, қайдан келгеніңді білу.

Бүгінгі Қызылорда – кешегі арманның жалғасы, ал кешегі Қызылорда – бүгінгі қаланың іргетасы. Өткен дәуірдің әндерімен бірге сол күндерді еске алған жұртшылық Сырдария жағасындағы қаланың тарихына да бойлады. Қызылорданың өткені туралы сұрақтарға жауап беріп, шаһардың тыныс-тіршілігіне қатысты қызықты деректерді жадында жаңғыртты.

Фестиваль аясында көрермен назарына арнайы ретро көрме де ұсынылды. Көрме келушілерді өткен ғасырдың естеліктерімен қайта қауыштырып, бір сәтке уақытты кері шегергендей әсер қалдырды. Көрмеге көне тұрмыстық бұйымдар, ескі фотоаппараттар, телефондар, магнитофондар, винил пластинкалар, кассеталар және сол кезеңнің өзге де жәдігерлері қойылды. Әсіресе сол кезеңді көзімен көрген аға буын өкілдері үшін таныс дүниелер балалық пен жастық шақтың жарқын сәттерін еске түсірсе, жас көрермендер үшін өткен дәуірдің мәдениеті мен тұрмысымен танысуға мүмкіндік берді.

Әсем ән мен әсерлі естелікке толы кеш соңында фестиваль қатысушылары сахнаға шығып, Тәңірберген Қалауовтың «Қызылорда вальсін» бірге орындады.

Шарада қала әкімінің орынбасары Еркін Турабаев өнер ұжымдарына аймақ басшысының алғыс хаттарын және қаржылай сый табыстады. Дәстүрлі ретро-фестиваль көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жастық шақтың әуенімен өткенге бір сәт саяхат жасатты.

Алдыңғы мақала

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

Келесі мақала

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі