• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 28 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордада “Omirlik maqsat” бағдарламасы аясында тұрғын үйге қолжеткізу мәселесі таныстырылды

Қызылордада мүгедектігі бар әйелдер мен ерекше баласы бар аналардың тұрғын үйге қолжетімділігі мәселесіне арналған табысты кейстер таныстырылды,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

05.06.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

2026 жылғы 4 маусымда Қызылорда қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Omirlik Maqsat» бағдарламасы аясында Орталық Азияның Еуразия Қорының (ФЕЦА) және Citi қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Қызылорда өңіріндегі мүгедек әйелдер мен ерекше баласы бар аналардың қауіпсіз әрі қолжетімді баспанаға қол жеткізуін қолдау» жобасының табысты кейстерін таныстыруға арналған қорытынды іс-шара өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар, тұрғын үй саласының мамандары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жоба серіктестері мен бенефициарлар қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – әлеуметтік осал топтардың тұрғын үйге қолжетімділігі мәселесін көтеріп қана қоймай, нақты нәтижелер мен өмірін өзгерткен табысты тәжірибелерді көрсету, тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу болды.
Шара барысында «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Зейнара Тәжиева жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, 2025 жылдың шілде айынан бері мүгедектігі бар әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
Іс-шараға арнайы қатысқан Орталық Азияның Еуразия Қорының өкілі Әйгерім Қарлыбаева жобаның өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығына тоқталып, азаматтық қоғам ұйымдарының бастамалары халықтың өмір сапасын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров өңірдегі әлеуметтік саясаттың басым бағыттары мен әлеуметтік осал топтарды қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Жиынға қатысқан – заңгер, баспанасыздық пен тұрғын үйге жеткіліктілік құқығы саласындағы адам құқықтарын қорғаушы, халықаралық сарапшы Әлішер Қожағұлов Қазақстандағы тұрғын үй құқығының өзекті мәселелеріне тоқталып, халықаралық тәжірибе негізінде тұрғын үйге қолжетімділікті арттырудың тиімді тетіктері туралы ой бөлісті. Сарапшы тұрғын үй мәселесі әлеуметтік әділеттілік пен адам құқықтарының маңызды құрамдас бөлігі екенін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Айгүл Қиясова әлеуметтік қызметтер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.
Іс-шараның ең әсерлі бөлігі – жоба бенефициарларының нақты өмірлік оқиғалары болды. Жоба қатысушылары Ақмарал Дәстенова, Сәрсенкүл Айтжанова өз тәжірибесімен бөлісіп, құқықтық сүйемелдеу мен әлеуметтік қолдаудың арқасында тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған нақты мүмкіндіктерге қол жеткізгенін айтты. Оның оқиғасы көптеген аналар үшін үміт пен сенімнің жарқын үлгісіне айналды.
Жоба аясында кәсіптік курстардан өткен 20 қатысушы қор тарапынан жарияланған шағын грант конкурсына қатысып, Ұзақбаева Лаззат, Дастенова Ақмарал 750 мың теңге көлемінде өз кәсібін бастауға шағын грант жеңіп алды. 4 қатысушы баспаналы болды.
Талқылау барысында сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері және азаматтық қоғам мүшелері халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын ортаға салып, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау туралы шешім қабылдады.
Жоба іске асырылған уақыт ішінде ондаған әйел мен отбасы құқықтық кеңес алып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігіне ие болды, әлеуметтік қызметтерге қол жеткізді және тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша кәсіби сүйемелдеумен қамтылды.
Шара қорытындысында қатысушылар баспана мәселесі тек тұрғын үймен қамтамасыз ету ғана емес, ол адамның қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылығы, балаларының болашағы және лайықты өмір сүру құқығымен тікелей байланысты екенін атап өтті.
«Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігі алдағы уақытта да әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті нығайту бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

Алдыңғы мақала

Шиелі аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады

Келесі мақала

Қазалы ауданында 4 ауылды газға қосу жұмыстары жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
Қоғам

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі