• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Шиелі аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады

Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жауапты сала басшыларымен бірге аудан аумағында жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен бақылады, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

05.06.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен аудан басшысы Жуантөбе ауылдық округіндегі Абай Құнанбаев көшесі, Абай тұйығы, Достық және Ш.Ділдебаев көшелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуын бақылауға алды. Аталған жобаның мердігер мекемесі — «Орда Автодор» ЖШС.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы қатынауына мүмкіндік жасалып, көлік қозғалысының сапасы айтарлықтай жақсарады.

Бұдан кейін аудан әкімі «Самара – Шымкент – Еңбекші» бағытындағы автомобиль жолында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталған жол аудан тұрғындары үшін маңызды көлік қатынасы желілерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жолдың 4,3 шақырым бөлігі «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-нің демеушілігімен жөнделуде. Жоба аясында жол төсемін толық жаңарту, сапалы асфальт-бетон жабынын төсеу, жол жиектерін ретке келтіру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, аудан аумағындағы жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Шиелі – Тайқоңыр» автомобиль жолына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары. Аталған жоба «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясының еншілес ұйымы «KAP Logistics» ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырылып, нәтижесінде 13 шақырым жол толық жөндеуден өткізілді.

Жалпы, жол-көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған мұндай жобалар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және елді мекендер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін жақсартуға ықпал етуде.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Арал ауданында таза ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүруде

Келесі мақала

Қызылордада “Omirlik maqsat” бағдарламасы аясында тұрғын үйге қолжеткізу мәселесі таныстырылды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі