• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Шиеліде өндіріс ұжымдарының қатысуымен кең колемді сенбілік өтті

Бүгін Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан аумағындағы өндіріс орындарының қатысуымен кең көлемді сенбілік жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

06.06.2026
in Экология
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Тазалық шарасы «Арман» мәдениет үйі алаңында басталып, экологиялық акцияға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков арнайы қатысты. Аудан басшысы қоршаған ортаның тазалығы — баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, ауданның көркеюі мен тазалығына тұрақты түрде үлес қосып жүрген белсенді азаматтар мен мекеме қызметкерлерін марапаттады.

– “Тазалық жұмыстары — қоршаған ортаны күтіп ұстау ғана емес, елге, жерге деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Таза әрі көрікті аудан қалыптастыру — барлығымыздың ортақ міндетіміз. Әр тұрғын туған жерінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, ортақ іске өз үлесін қосуы қажет,” – деді аудан әкімі.

Сенбілікке «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК қарасты «РУ-6» ЖШС, «Волковгеология» АҚ-ның №23 геологиялық барлау экспедициясы, «Семізбай-U» ЖШС-нің Иіркөл филиалы, «Уранэнерго» ЖШС, «KAP Logistics» ЖШС-нің «Шиелі-Сұңқар» филиалы, «Волковгеология» АҚ-ның «Геотехноцентр» филиалы және «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС, «КНК Кемикал» ЖШС ұжымдары белсенді қатысты.

Экологиялық акция барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық орындарда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыс қалдықтары шығарылды, ағаштардың түптері әктеліп, қоршаулар мен балалар ойын алаңдары әрленіп-сырланды. Сонымен қатар аумақтар арамшөптерден тазартылып, көгалдандыру жұмыстары қолға алынды.

Жалпы тазалық жұмыстарына 2600 адам қатысып, 20 арнайы техникалар жұмылдырылды. Нәтижесінде аудан аумағынан 41 тоннаға жуық тұрмыстық және қатты қалдықтар шығарылды.

Мұндай экологиялық шаралар ауданның санитарлық жағдайын жақсартумен қатар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға, туған жерге деген жанашырлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шиелі ауданындағы егіс алқаптарын аралады

Келесі мақала

Сырдария: “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі