• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 28 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Жалағаштық мемлекеттік қызметшілер тағыда чемпион атанды

Қызылорда қаласында облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы дәстүрлі облыстық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Жыл сайын өткізілетін ауқымды спорттық дода мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

11.06.2026
in Спорт
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Биылғы спартакиада аясында спорттың тоғыз түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Тартысты өткен жарыстардың қорытындысы бойынша Жалағаш ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған команда үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді. Команда мүшелері барлық кезеңдерде жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерді танытып, аудан мерейін үстем етті.

Бұл жетістік – жалағаштық мемлекеттік қызметшілердің спортқа деген ерекше ынтасының, тұрақты дайындықтарының және салауатты өмір салтын ұстануының нақты көрінісі. Жарыс барысында аудан командасының мүшелері бірнеше спорт түрінен жүлделі орындарға ие болып, жалпы есепте қарсыластарынан басым түсті.

Айта кету керек, Жалағаш ауданының командасы өткен жылы да облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанған болатын. Осылайша, жалағаштық мемлекеттік қызметшілер екі жыл қатарынан чемпиондық тұғырдан көрініп, аудан спортының абыройын асқақтатты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жалағаштық спортсүйер мемлекеттік қызметшілердің бұл жеңісі аудан жастарына үлгі болып, бұқаралық спортты дамытуға жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Алдыңғы мақала

Арал:  тарих тұнған Түркістанға тағылымды сапар

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі Сарыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Оқи отырыңыз

Тәртіп – қызметтің тірегі
Құқық

Тәртіп – қызметтің тірегі

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

Өзекті жаңалықтар

Тәртіп – қызметтің тірегі
Құқық

Тәртіп – қызметтің тірегі

0

«Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, саптық жиын барысында қызметкерлердің саптық жүрісі, сыртқы келбеті және қызметтік тәртіпті сақтау...

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Тәртіп – қызметтің тірегі
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі