• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданының әкімі Сарыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан орталығынан 120 шақырым шалғайда орналасқан Сарбұлақ ауылына барып, елді мекеннің халқымен кездесті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

11.06.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде аудан басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар, 1 шілде де ресми күшіне енетін Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Ата заң жайында, конституциялық реформаларды жүзеге асырудағы өңір халқының ауызбіршілігі, «Әділетті Қазақстан», «Адал адам» бағдарламасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және елімізде өтіп жатқан маңызды жиындар жайында сөз қозғады.

Мұнан кейін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың басшылығымен өңірде және ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алда атқарылатын жобалар жайында атап өтті. Сонымен қатар аудандағы білім, мәдениет, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, газдандыру, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңғырту және жолдарды жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жайын жеткізді.

Кезек ұсыныс-пікірлерге келгенде сарбұлақтықтар елді мекендегі электр желілерінде жиі ақау болатынын айтып, жөндеу жұмыстарын қолға алуды сұрады. Аудан басшысы осы ретте, өткен жылдан бері ауданда елді мекендердің электр желілерін қайта жаңғырту жобалар жүзеге асыру бойынша бірнеше жобаның жүзеге асып жатқандығын жеткізді. Мәселен, «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында, Қазалы қаласы, Қожабақы ауылы және Ү.Түктібаев ауылдарының электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығында орналасқан нысандар мен тұрғын үйлердің электр энергиясының тұтыну қуаттылығын арттыру мақсатында қосалқы стансасының құрылысы жүргізілгендігін айтты. Осы сынды Сарбұлақ ауылының электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті министрлікке жолданғанын, алдағы уақытта басқа да елді мекендер сынды бөлінген қаржыға сәйкес кезең-кезеңімен тозығы жеткен электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілетіндігін айтты.

Халықпен өткен кездесу соңында аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының маңыздылығына тоқталып, тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және туған жерге жанашырлықпен қарауға ауыл халқын ауызбіршілікпен атсалысуға шақырды.

Жиын соңында ауыл ақсақалдары елді мекенге арнайы келіп, халықтың ұсыныс-пікірін тыңдап, елдегі атқарылып жатқан игі істерді жеткізіп жатқан аудан басшысы мен азаматтарға ризашылықтарын жеткізді.

Алдыңғы мақала

Жалағаштық мемлекеттік қызметшілер тағыда чемпион атанды

Келесі мақала

Ат үстінде шыңдалған азамат

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі