• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Бизнес

Қазалы: Аудан әкімі ауылдардағы кәсіпкерлік және аграрлық жобалардың жұмысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан аумағындағы бірқатар ауылдық округтерге арнайы барып, жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бағытындағы жобалардың жұмысымен танысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

22.06.2026
in Бизнес
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен аудан басшысы Ақжона ауылдық округіне қарасты Майдакөл ауылындағы Жалпақ елді мекеніне барып, балық шаруашылығы бағытындағы жобаның жай-күйін көрді. Мұнда жеке кәсіпкер Ақылбек Баймахановқа 60 гектар жер телімі берілген. Оның 30 гектарын балық тоғаны ретінде игеру жоспарланған. Жоба аясында биыл мамыр айында тоғанға 80 мың дана балық шабақтары жіберілді. Кәсіпкер бұл жобаны 2025 жылдың қараша айынан бастап қолға алған. Аудан әкімі балық шаруашылығын дамыту – ауыл экономикасын әртараптандырудың маңызды бағыты екенін атап өтіп, жобаның алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Одан кейін аудан әкімі Майдакөл ауылдық округіне қарасты Бекарыстан би ауылына барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қаржыландырылған жобаның жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Рүстем Тілеуқұлов бағдарлама арқылы 2024 жылы 5 млн теңге көлемінде қаржы алып, пластик есік-терезе бұйымдарын шығару кәсібімен айналысып отыр. Кәсіпкер 10 жылдан бері тұрақты жұмыс жасап келеді. Бүгінде оның өнімі аудан орталығының сұранысын қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, жаңа заманауи құрылғылар сатып алынып, ағаш бұйымдарына ұлттық ою-өрнек салу бағытындағы жұмыстар да қолға алынған.

Сапар барысында аудан басшысы Бекарыстан би ауылындағы «Смағұл» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңына да барды. Шаруашылық жеке қаражат есебінен жұмысын жүргізіп келеді. Мұнда мал бордақыланып, ауыл мен аудан орталығы тұрғындары ет өнімдерімен қамтамасыз етілуде. Сонымен бірге, шаруашылықта бие сауылып, саумал өнімі халыққа ұсынылуда.

Аудан әкімінің жұмыс сапары Ақтан батыр ауылында жалғасты. Мұнда аудан басшысы «Ердәулет 2021» АШӨК кооперативінің жұмысымен танысты. Кооператив төрағасы Айтуған Сералиев қазіргі таңда 20 гектар жерге жоңышқа, 6 гектар жерге бақша дақылдарын егіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде. Кәсіп иесі биыл аталған жобаны «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кеңейтуді жоспарлап отыр. Кооператив ауыл тұрғындарын біріктіріп, ортақ кәсіпті дамытуға бағытталған.

Жоба барысымен танысқан аудан әкімі кооператив жұмысын кеңейту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қаржыландыру мәселесін қарастырып, жер мәселесін шешу жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Айта кету керек, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Бүгінге дейін ауданда жоба аясында 200-ден астам азамат өз кәсібін бастап, халыққа қажетті өнім өндіру арқылы өңір экономикасының дамуына үлес қосып келеді. Мемлекет тарапынан 2023 жылдан бері аталған жобаларды жүзеге асыруға 1 млрд 581 млн теңге қаржы бөлінген.

Мұндай бастамалар ауыл экономикасын нығайтып қана қоймай, елді мекендердегі тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлік белсенділікті күшейтуге және ауылдың тұрақты дамуына тың серпін беруде.

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі Жаңақорған ауданы сапарында тұрғындармен кездесті

Келесі мақала

Пульттегі пайым: қырағылыққа құрылған қызмет

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі