Іс-шара балалардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеуге бағытталды. Шараға 3 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылды. Полицияға 2400 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық үшін 1500, қараусыздық пен панасыздық жүргені үшін 1000 жасөспірім жеткізілді.
Іс-шара барысында 4 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 257 ата-ана және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарынмен көшелерде болғаны үшін 1500 жуық ата-ана жауапкешілікке тартылды.
Өңірлерде іс-шара аясында жасөспірімдермен қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Аталған іс-шара алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.
ІІМ балалардың қауіпсіздігі – ең алдымен отбасының жауапкершілігінде екенін еске салады.
Жазғы демалыс кезінде балаларыңыздың қайда жүргеніне, кіммен араласатынына және бос уақытын қалай өткізетініне ерекше назар аударған жөн.








