• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Қазалыда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Аталған тұжырымдамаға сәйкес елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын сақтау – әрбір азаматтың заңмен белгіленген міндеті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

09.07.2026
in Экология
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Осыған сәйкес бүгін Әйтеке би кенті әкімі аппаратының қызметкерлері аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, кент аумағында тазалық талаптарының сақталуына рейдтік бақылау жүргізді. Іс-шара барысында тұрғын үйлердің ауласы мен оған іргелес аумақтарын таза ұстамаған тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары түсіндіріліп, ескертулер берілді.

Еске саламыз, әрбір тұрғын өз үйінің ауласын және оған іргелес аумақты таза ұстауға, қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды бейберекет тастамауға міндетті. Заң талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Құқық бұзушылықтар үшін 130 мың теңгеге дейін әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Әйтеке би кентіндегі Қ.Пірімов, Әйтеке би, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, М.Шоқайұлы, Төле би, Біржан сал, С.Мұқанов, Жалаңтөс батыр, Т.Бөріқұлақов, Дәулеткерей, Ж.Аймауытов, Тыныбаев және Жетес би көшелерінде ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстары барысында 220 тұрғын үйге ескерту парақтары таратылып, абаттандыру қағидаларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Нәтижесінде 200-ге жуық тұрғын үйдің иелері ескертулерді орындап, өз аулалары мен оған іргелес аумақтарын толық тазартты. Ал қалған 20 тұрғын үйде үй иелерінің болмауына немесе еңбекке жарамды азаматтардың вахталық жұмыста болуына байланысты тазалық жұмыстары әлі де жалғасуда.

Тазалық – баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан аудан тұрғындарын өз аулалары мен көшелерінің тазалығына бейжай қарамай, заң талаптарын сақтауға және туған өлкеміздің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырамыз.

Алдыңғы мақала

Қазалы: Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығы мен халық қауіпсіздігінің басты кепілі

Келесі мақала

Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда: өңірлерде кең ауқымды рейд өткізілді

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі