• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте 2026 жылғы қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды. Мәжіліске аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысты-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.07.2026
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Одан кейін аудан басшысының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Аудан басшысы мәжілісті бастамас бұрын Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, 2026 жылдың 12 шілдесі күні өткен Бозкөл ауылдық округі әкімінің сайлауында халықтың басым дауысына ие болып, қайта сайланған Бөлебай Ақылбек Бекқожаұлын аудан активіне таныстырды. Ауыл әкімін құттықтап, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.

Биылғы жылдың 6 айының қорытындысымен ауданда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасып, экономикалық өсім қамтамасыз етілді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 130,2 пайызға, өңдеуші өнеркәсіп – 134,6 пайызға, бөлшек сауда айналымы – 100,3 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 105,3 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестициялар – 104,6 пайызға, құрылыс жұмыстары – 119,2 пайызға және пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 101,4 пайызды құрады.

Жиында аудан әкімі экономикалық өсім қарқынын төмендетпей, әрбір макроэкономикалық көрсеткіштің орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, қаржының уақытылы әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, орындалу қаупі бар көрсеткіштерге апта сайын талдау жүргізіп, нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Мәжілісте жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдердің орындалу барысы да жан-жақты сараланды. Жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасы, «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары және «Күміс жас» жобасы бойынша бірқатар көрсеткіштердің төмен орындалуы сынға алынды.

Осыған байланысты аудан әкімі жауапты бөлімдер мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне халықты мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпараттандыруды, жаңа жұмыс орындарын құруды, жоспарлы көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және мүгедектігі бар азаматтарды оңалту бағытындағы жұмыстардың заң талаптарына сәйкес сапалы ұйымдастырылуы қажеттігін ерекше атап өтті.

Күн тәртібінде елді мекендерді абаттандыру және стихиялық қоқыс орындарын жою мәселесі де қаралды. Аудан басшысы бұған дейін берілген тапсырмалардың толық орындалмағанын айтып, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды міндеттеді.

Сондай-ақ кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын және рейдтік іс-шараларды тұрақты ұйымдастыру тапсырды. Абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтарға заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі берілген барлық тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы тұрақты бақылауда болатынын айтып, жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктеді.

 

Алдыңғы мақала

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Келесі мақала

Қос саланың кәсіби мерекесі аталып өтілді

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі