• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шиелі ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары

Шиелі ауданының әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен брифингте 2026 жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын таныстырып, ауданның негізгі көрсеткіштері мен алдағы жоспарларына тоқталды,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

20.07.2026
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері аудан экономикасының барлық негізгі салаларында тұрақты өсім қалыптасқан. Түзетілген аудандық бюджет көлемі несиелерді қоса есептегенде 16 млрд теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай ұлғайған. Алты айдың қорытындысында бюджет кірісі 100 пайызға орындалса, ауданның өз кірісі жоспардан асыра орындалып, 4,18 млрд теңгені құрады. Бұл соңғы үш жылда ауданның өз кірісінің 41 пайызға өскенін көрсетеді.

Өнеркәсіп саласында да оң динамика сақталды. Алты айда 44 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 37,8 млрд теңгеге жетті. Сонымен бірге ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,7 млрд теңгені құрап, өткен жылға қарағанда жоғары нәтиже көрсетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі, тұрғын үй пайдалануға беру және инвестиция тарту көрсеткіштері де өсіммен аяқталды.

Кәсіпкерлікті қолдау бағытында аудан бойынша 5 747 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 40 кәсіпкердің жобасы жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Сондай-ақ, 2025–2030 жылдары іске асырылатын 163,5 млрд теңгені құрайтын 18 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалардың нәтижесінде 1024 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау шаралары да жүйелі жалғасуда. Биылғы алты айда 492 жаңа жұмыс орны құрылып, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1021-ге жеткізу көзделген. Аз қамтылған 124 отбасының 669 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ауыл шаруашылығы саласында егіс көлемі 32,5 мың гектарға жетті. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш 11,6 мың гектарға егілді. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары кеңейіп, лазерлік тегістеу көлемі ұлғайды. Биыл ауданнан 5,4 мың тонна күріш пен бау-бақша өнімдері Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің өзге өңірлеріне экспортталуда.

Брифингте аудан әкімі инфрақұрылымды дамыту мәселесінеде ерекше назар аударды. Ауданда спорт кешендері, көпірлер, газ желілері, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда. Биыл облыстық бюджет есебінен 200 пәтер сатып алу жоспарланған. Сонымен бірге автомобиль жолдарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, бірнеше ірі жол жобасы іске асырылуда.

Газдандыру бойынша қазіргі таңда ауданның 19 елді мекені табиғи газға қосылған. Бұл аудан халқының 81 пайызын қамтиды. Ал сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткен.

Электр желілерін жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде соңғы екі жылда желілердің тозу деңгейі 78 пайыздан 43 пайызға дейін төмендеген. Білім саласында аудан мектептерінің ҰБТ орташа балы 85,7-ге жетіп, облыс бойынша үшінші орынға көтерілді. Денсаулық сақтау саласында аудандық ауруханаға жаңа МРТ аппараты орнатылып, тұрғындарға жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі артты.

Брифинг барысында ауданды абаттандыру және «Таза Қазақстан» республикалық акциясының жүзеге асырылуы туралы да айтылды. Елді мекендерді көркейту, көшелерді жарықтандыру, тарихи-мәдени нысандардың аумағын абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Акция аясында белсенділік танытқан тұрғындар арнайы марапатталып, ынталандырылуда.

Брифингті қорытындылаған аудан әкімі Шиеліде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты екенін айтып, алдағы уақытта да экономикалық өсімді сақтап, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

Алдыңғы мақала

Министр Жалағаш ауданындағы аграрлық саладағы жобалардың іске асырылу барысына оң баға берді

Келесі мақала

Жұмыс қарқыны жоспарға сәйкес

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі