• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Министр Жалағаш ауданындағы аграрлық саладағы жобалардың іске асырылу барысына оң баға берді

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен ауданға келді, деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

20.07.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Министрге аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауданда жүзеге асырылып жатқан су үнемдеу технологияларын, ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді жаңғырту бағытындағы жобалардың іске асырылу барысымен таныстырды.

«Қазақстанның Еңбек Ері», «Таң ЛТД» ЖШС-нің төрағасы Имамзада Шағыртаев серіктестікте жердің құнарлылығын арттыру, коллекторларды бетондау, сондай-ақ егін өнімділігін арттыруға бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен инвестициялық жобаларды көрсетті.

Биыл аудан бойынша 42 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Оның ішінде күріш – 16 800 гектар, жаздық бидай – 576 гектар, арпа – 50 гектар, мақсары – 595 гектар, қант құмайы – 371 гектар, соя – 152 гектар, сұлы – 5 гектар, жаңа жоңышқа – 4 850 гектар, ескі жоңышқа – 8 150 гектар, картоп – 250 гектар, көкөніс – 1 115 гектар, бақша дақылдары 1 300 гектар алқапқа егілген.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде су ресурстарын тиімді пайдалану, ирригациялық желілердің техникалық жағдайын жақсарту және егіншілік саласының өнімділігін арттыру көзделіп отыр.

Су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітов ауыл шаруашылығын цифрландыру, жаңа технологияларды кеңінен қолдану және су үнемдеу арқылы өнім көлемін арттырудың маңыздылығына тоқталып, мемлекет басшысының тапсырмасымен атқарылып жатқан жобалардың өңірдің аграрлық әлеуетін нығайтуға серпін бергенін атап өтті.

Сапар қорытындысында министр аграрлық саладағы жобалардың іске асырылу барысына оң баға беріп, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын жеткізді.

Алдыңғы мақала

Аудан әкімі Азия чемпионын қабылдап, құрмет көрсетті

Келесі мақала

Шиелі ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі