• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Аудан әкімі Азия чемпионын қабылдап, құрмет көрсетті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында көк туымызды көкте желбіретіп, алтын медальді жеңіп алған қазалылық спортшы Зарина Толыбай мен оның бапкері Руслан Жолбарысовты қабылдап, құрмет көрсетті-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

20.07.2026
in Спорт
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

— Бүгін біз туған өлкеміздің мақтанышына айналған, халықаралық аренада көк Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатқан дарынды спортшы Толыбай Зарина Өмірбекқызын ресми қабылдауға жиналып отырмыз. Ең алдымен, Сізді Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өткен бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатындағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тек жеке жеңіс емес, бұл – Қазалы ауданының, Сыр өңірінің және барша Қазақстанның мерейін үстем еткен үлкен жетістік. Зарина – туған жердің тәрбиесін бойына сіңірген, еңбекқорлығы мен қайсарлығының арқасында халықаралық деңгейде мойындалған жас спортшы. Оның бүгінгі жеңісі – тынымсыз еңбектің, табанды жаттығудың және жеңіске деген жігердің жемісі. Осы орайда, чемпионды тәрбиелеп өсірген ата-анасына, алғашқы бапкері Руслан Жолбарысовқа, бүгінгі жаттықтырушыларына, ұстаздары мен спорт саласының барлық мамандарына зор алғысымды білдіремін. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Спортшыларымыздың ерлігі – ел рухын көтеретін, ұлт бірлігін нығайтатын маңызды фактор» деп атап өткен болатын. Сіздің жеңісіңіз осы сөздің жарқын дәлелі. Жанқиярлық еңбегіңіз бен табандылығыңыздың нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, еліміздің спорт саласын жаңа деңгейге көтеретініңізге сеніміміз мол, — деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Аудан басшысы Азия чемпионатында топ жарып, ел мерейін үстем еткен жерлесіміз Зарина Толыбайға аудан әкімінің Құттықтауы мен 300 000 теңгенің қаржылай сертификаты және бапкері Руслан Жолбарысовқа Алғыс хат пен 100 000 теңгенің сертификатын табыстап, барша Қазалы жұртшылығының атынан жеңістерімен құттықтады.

Қабылдауда Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Ерен еңбегi үшiн» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбай, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, ардагер спортшы Қуанған Бәкен сөз сөйлеп, чемпионның жеңісі барша қазақ жұртына ортақ жеңіс екенін айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

Жиында чемпионның бапкері Руслан Жолбарысов пен Азия чемпионы Зарина Толыбай барша қазалылықтардың көрсеткен құрметіне шынайы алғыстарын білдірді.

Чемпионды қабылдау шарасының соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов ақ батасын беріп, алдағы уақытта да чемпионның Әлем шыңдарын бағындыра беруіне тілектестігін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде ауданда спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыс атқарылды. Ауданымызда соңғы 3 жылда 4 спорт кешені мен спорттық алаңдар пайдалануға берілді, жуық арада тағы да Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылдарында 2 спорт кешені ел игілігіне табысталады.

 

Алдыңғы мақала

Қазалылықтар Азия чемпионын құрметпен күтіп алды

Келесі мақала

Министр Жалағаш ауданындағы аграрлық саладағы жобалардың іске асырылу барысына оң баға берді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі