• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 25 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өңірде экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісін ұлғайту және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда. Ауданның инвестициялық әлеуетін арттыру арқылы өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа кәсіпорындар ашу және тұрақты жұмыс орындарын құру – негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді, деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

23.07.2026
in Әлеумет және экономика, Саясат
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгінде ауданның қолайлы географиялық орналасуы, ауыл шаруашылығына қолайлы табиғи жағдайы және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары инвесторлардың қызығушылығын арттырып отыр. Соның нәтижесінде аудан экономикасына ішкі және шетелдік инвестициялар тартылып, өндірістік жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Үстіміздегі жылы жалпы құны 70 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін олардың 5-еуі толық жүзеге асырылып, 120 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жобалар ауданның өнеркәсіптік әлеуетін күшейтіп, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға және бюджет кірісін арттыруға елеулі үлес қосуда.

Аудан үшін стратегиялық маңызы бар ең ірі инвестициялық жобалардың бірі – облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан швейцариялық «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және мақсары өсіру мен қайта өңдеуге арналған кешенді жобасы.

Жобаның жалпы құны 68 млрд теңгені құрайды. Бұл – Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан ең ауқымды агроөнеркәсіптік жобалардың бірі. Жоба толық іске қосылған кезде жыл сайын 42 мың тонна техникалық қарасора, 70 мың тонна жүгері және 20 мың тонна мақсары өндірілетін болады. Өнімнің басым бөлігі терең өңдеуден өткізіліп, ішкі нарықпен қатар экспортқа жөнелтіледі.

Жоба аясында жылына 60 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін май сығу зауытының құрылысы жүргізілуде. Бұл кәсіпорын өңірде өңдеу өнеркәсібін дамытуға, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға және ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Биылғы жылы жоба аясында 5 мың гектар жерге жүгері, 2 мың гектар алқапқа мақсары егілді. Егіс алқаптарын сумен тиімді қамтамасыз ету үшін 142 жаңбырлатып суару қондырғысы іске қосылып, су үнемдеу технологиялары кеңінен қолданылуда. Бұл өз кезегінде өнімділікті арттырып, су ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашуда.

Қазіргі уақытта жоба аясында 100 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс толық қуатында іске қосылғаннан кейін қосымша жұмыс орындары ашылып, аудан тұрғындарын тұрақты еңбекпен қамту мүмкіндігі одан әрі кеңейе түседі.

Есепті кезеңде «Харвест Агро Холдинг» компаниясы аудан экономикасына 26,3 млрд теңге көлемінде инвестиция салды. Бұл қаражат өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға, жаңбырлатып суару жүйелерін орнатуға және өндірістік нысандар салуға бағытталды.

Алдағы кезеңде де Жалағаш ауданында инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндірістер ашу, экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау және заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жалғасын табады. Бұл шаралар өңір экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауданның инвестициялық тартымдылығын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы мақала

«Таза Қазақстан»: Тазалық талаптарын сақтамағандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

Келесі мақала

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі