• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды

Жалағаш ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және белгіленген міндеттердің орындалу барысын саралау бағытындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

28.07.2026
in Әлеумет және экономика
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Осыған байланысты Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жан-жақты талқыланды.

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін бірқатар маңызды бағыттар қаралып, жауапты сала басшыларының атқарылған жұмыстар жөніндегі есептері тыңдалды. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану, кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділігін арттыру және жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов кәсіпкерлікті дамыту – өңір экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі екенін атап өтті.

– Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың тұрақты өсімінің негізгі тетіктерінің бірі. Мемлекеттік қолдау шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етіп, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажет, – деді аудан әкімі.

Мәжілісте кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларын тұрғындарға кеңінен түсіндірудің маңыздылығы да сөз болды. Әсіресе, кәсіп бастауға ниетті азаматтарға қолданыстағы мүмкіндіктер туралы толық ақпарат беру, мемлекеттік қолдауға ие болуға қажетті талаптарды түсіндіру және кәсіпкерлердің жобаларын сүйемелдеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалардың орындалу деңгейіне талдау жасалып, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері қаралды. Жауапты сала басшылары өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.

Мәжіліс барысында күн тәртібіне енгізілген өзге де мәселелер қаралып, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері сараланды. Әрбір бағыт бойынша нақты көрсеткіштерге қол жеткізу, белгіленген жоспарлардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және туындаған мәселелерді жедел шешу қажеттігі атап өтілді.

Аудан басшысы жауапты мамандарға жұмыстарды тек қағаз жүзінде орындаумен шектелмей, нақты нәтижеге бағыттауды тапсырды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру, бөлінген мүмкіндіктерді толық пайдалану және тұрғындардың ұсыныс-тілектеріне назар аудару керектігі айтылды.

Жиын қорытындысымен жауапты сала басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне бірқатар нақты міндеттер жүктелді. Берілген тапсырмалардың орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстап, белгіленген жұмыстарды уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру тапсырылды.

Ауданда мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мен кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Алдыңғы мақала

Электр және коммуналдық сала жұмыстары қаралды

Келесі мақала

Жалағаш ауданында электр желілерін жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі