• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жалағаш ауданында электр желілерін жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады

Бұл бағыттағы жұмыстардың қазіргі барысы аудан әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды. Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы қаралды, деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

28.07.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиында аудан әкімі аталған ұлттық жобаның іске асырылу мәселесі Үкімет отырысында талқыланғанын атап өтіп, облыс әкімі тарапынан осы бағытта нақты тапсырмалар берілгеніне тоқталды.

– Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары Ақсу, Қаракеткен, Мырзабай ахун, Мақпалкөл және Аламесек ауылдық округтерінде электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 127,3 шақырым электр желісі жаңғыртылып, 35 қосалқы станса салынды. Ендігі кезекте Жалағаш кентінің теміржолдың арғы беті бөлігін және М.Шәменов, Еңбек ауылдық округтерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыру қажет, – деді аудан әкімі.

Қазіргі таңда Жалағаш ауданындағы электр желілерінің жалпы ұзындығы 457,51 шақырымды құрайды. Оның ішінде 259,68 шақырымы – 0,4 кВ, ал 197,83 шақырымы – 10 кВ электр желілеріне тиесілі.

Аудандағы 14 елді мекеннің электр желілерін реконструкциялау жұмыстары толық аяқталған. Ал тағы 3 елді мекен бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, тиісті бюджеттік өтінім салалық басқармаға ұсынылған.

Электр желілерін жаңғырту – елді мекендердегі инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Жаңартылған желілер электр қуатының сапасы мен сенімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мәжілісте бұдан бөлек, өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары және алдағы күзгі-қысқы маусымда коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Аудан әкімі жауапты сала басшыларына алдағы кезеңдегі жұмыстарды сапалы әрі уақтылы ұйымдастыруды тапсырды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.

Алдыңғы мақала

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды

Келесі мақала

Қазалыда 6 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі